Мыстан жаратылған күрескер ана

Мыстан жаратылған күрескер ана

Әр адам өзінің өмір сүруімен қоршаған ортасына белгілі бір идея әкеледі. Сол болмысына қарап сөйлессең де, сөйлеспесең де, алыстан қарасаң да белгілі бір ойға қаласың. Және сол ой сені сол адам туралы, сол адам тұрған орта туралы білуге құштарлығыңды арттыра түседі.  Ортаның әсері деген осы! Мен Сәуле Мешітбайқызын көрген кезде осындай түрлі ойдың шырмауында қаламын. Ол кісінің жүрген жері адамға деген жылылықтың, қамқорлықтың сонымен қоса ілгері жетелейтін ізгі арманның кемесіндей көрінеді маған. Адамды өзіне баурап сөйлеу де үлкен өнер. Және ол үшін асқан бауырмалдық қана емес, күш те керек.  

Сәуле Мешітбайқызының бойындағы үлкен қасиет – адам баласын жатырқамай өзіне тарта білуінде. Жан дүниесіне кіріп, аналық жүрекпен ілтипат сезімді білдіру де – екінің біріне бұйырмаған бақ! Ол кісінің болмысын анықтайтын адамгершілік қасиет ел үшін күйіп, жануы.  Азаматтық сияға толы қаламы жұртқа белгілі. Ал қашанда өзінің бойындағы шаршауын, кемелдігін, жігерін өзіне емес, отбасын күтуге емес елдің игілігіне бағыттай білуінде жатыр. Осы қасиетін мен жоғары бағалаймын.  Әдетте адамдардың арасында белгілі бір өзіне тиесілі ғана дүниені білетін, өзара қатынасты ашуға ұмтылатын түйінді сөздер болады.  Біз Сәуле апай екеуміз сөйлескен бетте-ақ, тез түсінісіп кеткен жандармыз. Елдік, ұлттық мұрат, тіл мен діл мәселесі де, тарих пен бүгінгі саясатқа да көзқарасымыз сай келді. Осы жағынан келгенде мен Сәуле Мешітбайқызына ризамын. Қоғамдағы кез келген мәселеге бей-жай қарамайтыны да ұнайды.

Мен Сәуле апайымды «мыстан апай» деп атаймын. Бұл сөзімде Сәуле апайдың бар болмысы тұр. Әрине мыстан дегенде ертегідегі мыстан кемпірді айтып отырмағанымыз түсінікті. Оның мағынасы былай: Сәуле апай қыз кезінде алтын болды. Алтын қыз болды. Келіншек кезінде «күміс келін» атанды.  Күлкісі қандай тартымды апайдың! Көз жанарының ішіне толып кететін мейірімі қандай! Адамды өзіне қарай иісіндіріп тұрады. Ал әже атанғаннан кейін қола кемпір – мыс кемпір болады емес пе? Сәуле апай үнемі қозғалыста жүретін адам. Алтыннан, күмістен өткен адам енді мысқа айналмағанда қайтеді?! Мыс ешқашан тотықпайды. Иіледі, қайысады, бірақ морт кетпейді. Сынбайды. Иі жұмсақ. Отқа қызбайды, 24 сағат жұмыс істеуге бар. Қазақстанның ең үлкен бренді де Жезқазғанның мысы. Сондықтан сіз мыстан жаратылған апайсыз. «Оны тарқатып айтып жатамыз ба, одан да сізді мен мыстан апай дейін» дегем алғашында. Ол кісі рахаттана күліп алып: «Мені енді басқаша атаушы болма, Мыстан апа дейтін бол» деген еді.    

Бүгін туған күні екен Сәкеңнің, берекелі ғұмыр, деніне саулық, отбасына амандық тілеймін. Күрескерлік бағытыңыз айқын, сол жолда бір болайық!

 

 

Тұрсын Жұртбай, алаштанушы, ғалым
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 93
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 147
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 32
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 96
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 94
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 147
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 191
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 196
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 182
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 193
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 198
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 192

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11306
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10240
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13486
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12440
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17448