Нашақорлық – қоғамның жегіқұрты

Нашақорлық –  қоғамның жегіқұрты

Нашақорлық – бұл есірткіні үнемі қолдануды қажет етіп тұратын  созылмалы психикалық және физикалық ауру. Бүгінгі кезеңде  қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – нашақорлыққа қарсы күресіп,  оның алдын алу.  Бұл болашақ ұрпағымыздың  денсаулығы мен ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың ең маңызды шарты  болып табылады. Нашақорлыққа қарсы күресу үшін  мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен  қоғамдағы барлық  адамдар бірігіп,  күш-жігер жұмсауы керек. Есірткі қолдану адамдардың денсаулығына, әлеуметтік байланыстарға, экономикаға және алдымен адамдардың денсаулығына қатты зиянын тигізеді.  Есірткінің таралуына жол бермеу үшін осындай қиын жағдайға ұшыраған жандарға қол ұшын беріп көмектесу қажет.  Олардың  салауатты да толыққанды өмірге оралуына  оңалтуға, білім беруге назар аударып, көңіл бөлген жөн.

Нашақорлықпен күрестің 

негізгі бағыттары

Профилактика: мектеп, колледж, университеттерде түсіндіру шараларын өткізу. 

Құқықтық шаралар: есірткі таратушыларды заң жүзінде қатаң жазалау.

Спорт пен өнер: жастардың бос уақытын пайдалы нәрсемен ұйымдастыру.

Медициналық көмек: тәуелділікке түскендерді емдеп, оңалту орталықтарын көбейту.

Ақпараттық қорғаныс: әлеуметтік желілердегі есірткі жарнамаларының жолын кесу.

Отбасылық тәрбие: үйде баламен ашық әңгіме өткізіп, оның  айналасын бақылау.

Белсенділік: есірткі жарнамасы салынған граффитилер мен сайттарды  көргенде құқық қорғау органдарына хабарласу.

Салауатты өмір: айналадағы адамдарға салауатты өмір кешіп, тек жақсы әдеттермен үлгі-өнеге көрсету.

 

Нашақорлықтың 

факторлары:

Биологиялық факторлар: ми химиясының бұзылуы, генетикалық бейімділік.

Психологиялық факторлар: мазасыздық, стресс, депрессия.

Әлеуметтік факторлар: жұмыссыздық, білім деңгейінің төмендігі, айналадағы адамдардың  қысымы, белгілі бір топқа кіруге құлшыныс. 

 

БҰЛ ДЕРТТІң

 салдары қандай?

Денсаулық:  психикалық және физикалық проблемалар, жұқпалы аурулардың таралуы (мысалы, гепатит, АИТВ ).

Әлеуметтік салдары: экономикалық жағдай, отбасылардың бұзылуы, қылмыстың көбеюі.  

Нашақорлықпен  және  есірткі бизнесімен күрес жүргізу тек  құқық қорғау органдарының жұмысы деп ойламай, бұны барша қоғамның, бұқараның  міндеті  деп санау қажет. Нашақорлықпен күрестің алғы шарттарының бірі – бұл іске барлық  үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарды,  мемлекеттік органдарды  белсенді қатыстыру. Еліміздің күрделі геосаяси аймақта өмір сүруі, халықаралық лаңкестіктің күшеюі де есірткі қылмысының өркендеуіне ықпалын тигізуде. Сондықтан да профилактикалық жұмыстарды белсенді жүзеге асыру есірткіге деген сұранысты кемітуге, нашақорлардың азаюына, т. б. осы дертке қарсы күресу әдістері  өзіміз күткен жетістіктерге қол жеткізуге көмегін береді деп үміттенеміз. 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ

16.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26615
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26049
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43439
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39226
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43845