Астанада ЭКСПО халықаралық көрме орталығында өткен «Наурыз базары» жәрмеңкесіне 90 мыңнан астам адам келіпті. «Наурыз базары» жәрмеңкесіне қатысушылар этностильдегі киім топтамаларының, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттардың, кәдесыйлардың түрлі таңдауын ұсыныпты. Ел өңірлерінің фермерлері азық-түлік жәрмеңкесінде 300 тоннадан астам өнім сатыпты, оның ішінде ет өнімдері, көкөністер мен жемістер, бал және т.б. азықтар болған. «Наурыз базары» аясында шығыс тағамдарының фестивалі өтіп, онда астаналықтар мен қонақтар наурыз көже, палау, бауырсақ және басқа да ұлттық мерекелік тағамдардан дәм татыпты. Жәрмеңке жұмысының үш күнінде 4,5 тонна палау, бір тонна наурыз көже және 10 мың кебаб таяқшасы дайындалған.
Айта кетейік, жәрмеңкеде ұлттық спорт түрлері бойынша мерекелік концерттер мен бұқаралық жарыстар өткізіліпті. Шығармашылыққа арналған Open Space аймағы жұмыс істеді: сурет салу, қыш өнері, қазақтың ұлттық аспаптарында ойнау, мүсіндеу. Жастар арасында арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ ұлттық ойындары ұйымдастырылыпты. Осылайша, жәрмеңкеге 21-23 наурыз аралығында 90 мыңнан астам адам келіпті. Бұл, әрине, үлкен жаңалық! Ұлттық мерекеге деген халықтың құрметі мен қошеметі.