NEET санатындағы жастар назардан тыс қалмайды

NEET санатындағы жастар  назардан тыс қалмайды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баяндамасында еліміз бойынша NEET санатындағы жастары көп өңірлердегі тегін техникалық және кәсіптік білім беретін колледждерге бөлінетін грант санының азайғаны туралы мәселе көтерді. Министрдің айтуынша, NEET санатындағы жастары көп өңірлер бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім беретін колледждерге бөлінетін грант саны азайған.    

Жалпы айтар болсақ, әлемдік рейтингте Қазақстан NЕЕТ санатындағы жастар үлесі жөнінен көрсеткіші ең төмен (1-9,9%) елдер санатына кіреді. 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде елдегі NЕЕТ жастар үлесінің көрсеткіші 8,2%-дан 7,1%-ға дейін (1,1%-ға) азайды. Ал статистика деректері бойынша, 2021 жылдың 2-тоқсанында NЕЕТ жастарының үлесі 6,7%-ды құрады. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2021 жылдың басында халық саны 18 879 552 болған кезде, жастар саны 3 739 883 (20%) құрады. 2021 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыз жастар саны 77,5 мың адамды құраған. Жұмыссыз жастары ең көп өңірлер көрсеткішіне тоқталсақ, Алматы қаласында – 13,2 мың, Алматы облысында – 9,9 мың, Нұр-Сұлтан қаласында – 7,3 мың адам. Яғни NEET cанатындағы жастарды жұмыспен қамту, оқыту мәселесі бүгінде өте өзекті проблемалардың бірінен саналады. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында жастарды орта біліммен 100 пайыз қамту туралы тапсырма берген болатын. 

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс республикалық бюджет есебінен 45 мың орынға ұлғайтылып, биыл рекордтық 128 мың орынға жеткен. 

– Бірақ бірінші кезекте техникалық бағыттағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9-сынып түлектерін колледждерде тегін қамту жоспарланғандықтан, NEET жастар саны көп өңірлерде жергілікті бюджет есебінен бөлінетін гранттардың азайғаны байқалады. Сондықтан жергілікті бюджеттен гранттарға бөлінетін қаражаттың азаюына орай республикалық бюджеттен қосымша грант бөлуге мәжбүр болдық.  Республикалық бюджеттен бөлінген қосымша гранттың бөліну мәселесін жергілікті атқарушы органдар мұқият бақылауға алу керек. Әлі қабылдау жүріп жатыр, Үкіметтің осы мәселеге көңіл бөлуін сұраймын, – деді министр.

Сонымен қатар, Үкімет отырысында белгілі болғандай, бұдан былай мемлекеттік колледждердің 100 пайызы кәсіпорындардың қамқорлығына алынады. Өйткені Мемлекет басшысы бұған дейін өңір әкімдіктерімен бірлесіп, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлауды енгізуді тапсырған болатын. Яғни Президент тапсырмасына сәйкес өңір әкімдіктерімен бірлесіп, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау грантының басты айырмашылығы – мемлекет тегін маман дайындап береді. Ал кәсіпорындар жұмысқа орналастыру міндеттемесін алады. Министрдің айтуынша, осы тәртіппен биыл алғашқы рет 10 мың арнайы грант бөлінді. 

– Кадрлардың сапасын арттыру үшін колледждерге жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламалары мен оқу мерзімдерін өзгертуге академиялық дербестік берілді. Мемлекеттік колледждер 100 пайыз кәсіпорындардың қамқорлығына алынды. Колледждерге оқуға түсуге бірқатар жаңашылдықтар енгізілді. Мамандық таңдауда оқуға түсушілерге кәсіби диагностиканы енгіздік, нәтижесінде талапкерлер мамандық таңдау бойынша ұсыныстар алады. Студенттер арасында мемлекеттік тапсырысты бөлу процесі автоматтандырылды. Қабылдау емтихандары алынып тасталды. Талапкер бір дегенде 1-ден 3-ке дейін біліктілікті меңгеруге мүмкіндік алды. «Мемлекеттің үлкен қолдауымен «Жас маман» жобасы бойынша 180 колледж заманауи лабораториялармен жабдықталды, олардың оқу бағдарламалары да жаңартылып, сапалы кадр даярлауға жаңа серпін берілді, – деді А. Аймағамбетов.

Демек NEET жастар проблемасын шешу бойынша жұмыстың жүйелі жүргізілуін қадағалауға Оқу-ағарту министрлігі де өз үлесін қосуға әзір. Әсіресе жұмыс істеуге, оқуға құлықсыз жастары көп өңірлерге арнайы көңіл бөлу арқылы NEET санатындағы жастарды қоғамның белсенді мүшесі етіп тәрбиелеу мәселесі қолға алынды. Бұл елдегі жұмыссыз жастар проблемасын шешуге арналған нақты қадам десек, қателеспейміз.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 26
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 19
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 372
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8435
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9417
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643