Нілді зауытын қайта жандандырса жергілікті тұрғындарға жұмыс болар еді...

Нілді зауытын қайта жандандырса жергілікті тұрғындарға жұмыс болар еді...

Қарағанды облысы кен орындарына бай өлке. Бұл өңірдің атадан мирас етіп иеленіп  келе жатқан қожасы, тарихтан есімі жақсы танымал Игілік Өтепов. Кеңес кезінде Игілік байға сол кездің көзқарасы бойынша баға беріліп, оның үстем тап өкілі ретінде танылып келгені анық. Ол іскер адам, жерді сату сатып алу туралы шарттың басқа емес, Игілік Өтепов пен орыс көпесі арасында жасалуы, шын мәнінде осы өңірдің қожайыны  заңды іс қағаздарға қол қоюға құқығы бар көпес адам болғанын көрсетеді. Петропавловскіде тұратын орыс көпестерінің ішінде Н.Ушаков 1847 жылы  Нілді болысының маңынан мыс кен орнын ашады. Ол Игілік Өтеповке 250 сом беріп, мирасқорлыққа Ушаков пен компаниядан ештеңе талап етпеуге шартты қол қояды. Сөйтіп 1856 жылы «Қаразабой» деп аталынатын ашық карьер пайдалануға берілді. Бір жыл ішінде 116,3 пұт тас көмір өндірілді. Тиісті орындардан Ушаков осы төңіректен  мыс қорыту заводын ашуға рұсат алды. Қарағандыдан 40 шақырым жердегі  ашқан өндіріс Спасск мыс қорыту зауыты болып тарихта қалды. Мыс кені Нілді тауының қойнауынан Өспен руднигіне жеткізілді. Бірақ Ресеймен екі араға кенді жеткізу қымбатқа түсті. Сол кездегі техникамен жабдықтау жоқтың қасы болды. Өндірістік қуат, әрі тұтыну қажеттілігінің төмендеуі кенді шығаруға әлі келмеді. 1856-1886 жылдары  302,8 тонна ғана  көмір өндірілді. Ресей экономикасының құрамдас бөлігіне айналдыру мақсаты орындалмай қалды. 1886 жылы жұмыс тоқталды. 12 жыл қаңтарылып тұрды. 

Бұл кеніштің атағы Еуропаның бірталай өңіріндегі байсымақтарға да жетті. Солардың ішінде француздар қызығушылық танытты. Олар байлығы мол өңірді өзіне қаратуға ұйғарды. Ресейге сол үшін мол ақша ұсынды. Бұл жайында жергілікті халық хабарсыз еді. 1904 жылы Францияның бұрынғы президентінің ұлы Клод-Эрнест Жан Карно Николай II  патшаның сарайының  маңындағыларға пара ұсынып, жағынып, өзінің ақсүйек топтан екенін айтып жүріп, Қарағанды кенін  сатып алуға көндіреді. Орталық Қазақстанға келіп, кенді игере бастайды. Нілді аумағы  мысты стратиформалы генезиске жатады. Ал Нілді-Өспен мыс-кені ұсақ кен орны болып есептеледі. Француздар келгенімен жұмысты игере алмады. Себебі кенді Қарабас бекетіне дейін апаратын темір жол жоқ. Одан Ресей арқылы Францияға жеткізу үшін де қаражат кетеді, көп шығын. 1907 жылдың шілдесінде Джим Роберт 3 миллион фунт стерлинг болып табылатын Спаскі мыс кені ағылшындардың қолына өтеді. Енді мысты ағылшындар игере бастайды. Кенді  темір жолмен жеткізу үшін темір жол салады. Ашық карьер болмаған. Топсалы есікті көтеріп шахтаға лифтімен түскен. Мұнараның үстінде электролебедка бар, сол троспен лифтіні түсіріп, шығарып тұрған. Жергілікті  тұрғын Аманкелді Мәдиевтің айтуы бойынша мыс қорытатын зауыт таудың басында болған. Одан кейін салынған теміржол бар. Екі лифті болған. Бірі адамдардың жер астына түсіп-шығып тұрулары, екіншісі руданы жоғары көтеру үшін. Ағылшынды  жергілікті тұрғындар «қара сақал» деп атаған. Ағылшындардың кеңсесінің орны әлі бар.  Жерасты шахтасынан мыс алып, оны тау басындағы заводта қорытып, сол жерден арбамен Қарабас бекетіне жеткізген. Жерасты қоймасы керемет үлкен. Аман Жанғожиннің мақаласында 1916 жылы Жақсы Сарысу бойында Сарысу байыту фабрикасы іске қосылды. XIX ғасырдың екінші жартысында «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының далалық аймақтарын басқару жөніндегі ереже» бойынша Орталық Қазақстан жері Ақмола және Семей облыстарының құрамына енді. Жерасты қазба байлықтарын зерттеу жаппай қолға алынды делінген. (Орталық Қазақстан газеті.2001 жыл. 25 қаңтар). Өспен тауының артында Қарасақалдың фазендасы болған. Орман қылып тал өсірген, екі қабатты үй салған. Сол кездегі өнер қандай мықты. Ғасырлап тұрды. Белла деген қызы болды. Қазір  теміржол бекетін қызының атына Нілді деп атап кеткен. Өспеннің өз басында олар салған үйлер, дүкен, мектеп, спорт кешені, электростанция, механикалық шеберханалар болған. Кейінгі кезге дейін, яғни 1993 жылға дейін сақталып тұрды.  Әлі де мыңнан аса халқы бар. Кен шығаратын жерде жергілікті халықта жұмыс жасады. Жастарда жұмыс жоқ дейміз. Осы зауытты қайтадан ашса жастар жұмыссыз болмас еді. Ауыл тарқамас еді. Жоғарғы Қайрақты,  Қайрақты, Ақшатау кен орындарында қаншама кен жер астында жатыр. Нағыз бай өлке Қарағанды облысы. «Халыққа көмек» қоры осыларды қолға алып, көмек берсе. Жоғарғы Қайрақты ашық карьерінің үйлері бос қалған соң қабырғалары ғана қалған. Қазақ жерінің мол мұрасын Еуропа ғана емес, Ресей тұтастай басып алғысы келген-ау шамасы. Петропаловскіде тұратын көпестер сол кезде-ақ қазақ жерін басқа елге сатқан. Өз жерімізде тұрып жатып, байлығымызға ие бола алмағанбыз. Қазақтардың оянатын кезі жеткен жоқ па? Қолда барды пайдалансақ, жастарымыз шетел аспас еді. Осылардың барлығын өкімет назарына алса екен!

 

Африза АЙТБАЕВА, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 53
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 526
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 478

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9181
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8580
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11808
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9577
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10788