Н.Нұржігітов: Жылыту маусымына дайындық жұмыстары кедергісіз орындалуы тиіс

Н.Нұржігітов: Жылыту маусымына дайындық жұмыстары кедергісіз орындалуы тиіс

 

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қорғанбаев Құдайберген баяндама жасап, жылыту маусымына дайындық және оны өткізу бойынша өңірлік штабтың жұмысына жан-жақты тоқталды.

Оның айтуынша облыс бойынша 9 негізгі жылу энергетика кешендері және 593 автономды қазандықтар бар, олармен жалпы 1 737 әлеуметтік нысан мен 1646 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етілмек.

- Отын-энергетика кешендерімен жоспарланған жылыту маусымына дайындық іс-шараларына жалпы 9,862 млрд. теңге қаралып отыр. Қаржының басым бөлігі «Т.И. Батуров ат. Жамбыл ГРЭС-і» АҚ есебінен 6,1 млрд. теңге қарастырылған.

Бюджет есебінен, Таразэнергоорталық» АҚ-ң РК-4 қазандығына қосымша қазандар сатып алуға 932,8 млн. теңге, М-1 жылу магистралына 1 067,5 млн. теңге, Жаңатас қаласының қазандығын қайта жаңғыртуға және жылу желілерін ауыстыруға 653,6 млн. теңге, Қаратау қаласының жылу желілерін күрделі жөндеуге және мазут шаруашылығы мен қазандарын жөндеуге 171,5 млн. теңге бөлу жоспарланған.

Бүгінгі таңда отын-энергетика кешендерімен жылыту маусымына дайындық іс-шаралары кестеге сәйкес атқарылып, өңірлік штабтың тұрақты бақылауында,-деді басқарма басшысы.

Cондай-ақ, облыс бойынша 350,7 шақырым жылу желілері бар десек, олардың тозу деңгейі 56,7 пайызды құрайды, яғни, 199 шақырым жылу желілері ауыстыруды қажет етеді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін тозу деңгейін 55,5 пайызға төмендету жоспарланған.

- Тұрғын үйлердің дайындығын тексеру мақсатында Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларындағы үйлердің жай-күйіне зерделеу жүргізіліп, 72 проблемалық тұрғын үй анықталды. Олар бойынша жол картасы мен іс-шаралар жосмпалы әзірленді.

Аталған тұрғын үйдің жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету үшін әкімдіктер тарапынан тұрғындар, басқару органдары арасында және демеушілер есебінен тиісті жұмыстарды жеделдету қажет,-деді Құдайберген Қорғанбаев.

Басқсоуда әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы, қазандықтарды газға ауыстыру бойынша тиісті басқарма басшыларының да есебі тыңдалды.

Облыс әкімі бірқатар мәселелер бойынша Тараз қаласы және аудан әкімдерінен, жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорын басшыларынан жауаптар алды.

- Қажетті қаражат қаралған. Оның нақты нәтижесі болуы тиіс. Жұмыстарды ешқандай кедергісіз орындап, жылыту маусымына толығымен дайын болуымыз керек. Тұрғын үйлермен қатар мектептер, мәдениет және спорт нысандары да жылы болуы керек. Сонда ғана балалардың уайымсыз білім алуына, мәдени, спорттық үйірмелермен қамтуға жағдай жасай аламыз,-дей келе Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар аймақ басшысы барлық нысандарда және инженерлік желілердегі жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес атқарылуын бақылауға алуды, жылу желілерін техникалық тексеру жұмыстарын 1 тамызға дейін аяқтауды, жылу желілерін жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқталуын қамтамасыз етуді, білім нысандарының 1 кыркүйекке дейін дайын болуын, көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындау жұмыстарын 20 кыркүйекке дейін аяқтап, әзірлік паспорттарын жасауды тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
20.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 138
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 143
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 330
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 323
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 946

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9020
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8416
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11643
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9399
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10626