«Nur Оtan» сайлауалды бағдарламаларының орындалуын бақылауды жалғастырады

«Nur Оtan» сайлауалды бағдарламаларының  орындалуын бақылауды жалғастырады

Бұл туралы 12 қазан күні Палата Спикері, «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин мәлімдеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайтында хабарлауынша Партияның сайлауалды бағдарламасының «Жол картасын» орындаудың аралық қорытындылары Мәжілісте фракцияның кеңейтілген отырысында қаралған. Онда Үкіметтің және фракцияның «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың жол картасын іске асырудың аралық қорытынды жұмысы туралы айтылды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин партияның Сайлауалды бағдарламасын  орындау бойынша Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңызды тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жол картасы әзірленіп, ол – партияның  Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен бекітілгенін атап өтті. 

– Жол картасын іске асыруға мониторинг және бақылау жасау бойынша Фракция мен Үкіметтің өзара іс-қимыл тәртібі  қабылданды. Осыған сәйкес, нәтижеге қол жеткізу үшін жол картасының әрбір тармағы бойынша жеке вице-министр бекітіліп, оның орындалуын бақылау нақты депутаттарға – фракция мүшелеріне жүктелген, – деді Н.Нығматулин. Мәжіліс Төрағасы «Жол картасының» барлық тармақтары жалпы айтқанда уақытылы және сапалы орындалып келе жатқанын алға тарта келіп, бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Олар: қаржыландыру, жол картасын іске асыру процесінде орталық және жергілікті атқарушы өзара іс-қимылына және ұйымдастырушылық бағыттарына қатысты. Отырыс барысында Нұрлан Нығматулин 2021 жылғы мәселелерді барынша тиімді шешуге және жол картасын іске асырудың екінші жылын сенімді түрде пысықтауға жұмылдыру қажеттігін айтып: 

– Бұл алдағы бес жылдың ішінде елімізді жаңа даму бағытына бастайтын, сонымен бірге, халқымыздың әлеуметтік жағдайын одан әрі арттырудың  жол картасы. Осы жолда Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы алдымызға нақты тапсырмалар қойып отыр. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, ол тапсырмаларды жүзеге асыру үшін жауапты адамдар бекітілді, бақылау толықтай қамтамасыз етілді. Енді өте жоғары жауапкершілікпен қарау керек. Ол әрбір депутаттың да, әрбір Үкімет мүшесінің де негізгі міндеті, – деді Мәжіліс Төрағасы. 

14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660