Нұр-Сұлтанда 2022 жылы тағы 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Нұр-Сұлтанда 2022 жылы тағы  10 мың әлеуметтік пәтер салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында (01.09.2020) «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты» деген болатын. Президент тапсырмасына орай нарық жағдайында тұрғын үйдің қолжетімділігі адамдардың табысына және осы міндетті өздігінен шеше алу қабілетіне орай жүзеге асатыны белгілі. 

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері халықты баспанамен қамту мақсатында бағдарламалар қабылданып, үйлі болғандар қатары артқан. Нұр-Cұлтан қаласында тұрғын үй бағдарламаларына қолжетімділікті арттыру мақсатында әсіресе әлеуметтік баспаналарды көптеп салу бойынша жоспарлы жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қала басшысы Алтай Көлгінов: – «Елорда соңғы жылдары әлеуметтік тұрғын үй құрылысы бойынша өз рекордын жаңартып келеді. Бұл деңгей ары қарай да сақтала береді. Келесі жылы қолжетімді тұрғын үй салу үшін алдын ала дайындық басталды: учаскелерді, жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау, инженерлік желілерді тарту және аумақты абаттандыру, құрылыс жұмыстары», – дейді. Әкімнің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалада қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй көлемін ұлғайтумен қатар, тұрғын үй бағдарламаларын жетілдіру бойынша да жұмыс істеліп жатыр. – «Мысалы  2022 жылы кемінде 10 мың әлеуметтік пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Аудандар «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасына сәйкес дамып жатыр. Оған сәйкес әлеуметтік нысандар жақын маңайға орналасатын болады. Мәселен  2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер салынса, 2019 жылғы көрсеткіш – 2900, ал 2020 жылы 7 мың әлеуметтік пәтер салынды. Биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға жеткіземіз. Келесі жылы да осындай көлемде пәтер саламыз»,– дейді әкім. 

Еске сала кетсек, биыл әкімдік әлеуметтік тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар санатын едәуір кеңейтіп, тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтты. Қазан айында жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Әлеуметтік несиелендіру бойынша жеңілдетілген бұл бағдарлама елорданың жас мамандарына (36 жасқа дейін) арналған.

Сонымен қатар әкімнің айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы да жалғасатын болады.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 66
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 360
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 977

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9055
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8451
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11679
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9442
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10659