Облыс әкімі тараздықтардың талап-тілегін тыңдады

Облыс әкімі тараздықтардың талап-тілегін тыңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласы №8 аумақтық округінің тұрғындарымен кездесті.

 

Аймақ басшысы алдымен кездесудің мән-маңызына тоқталып, Тараз қаласының үш жылдық даму жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қысқаша баяндап өтті.

 

– Өткен жылы, биыл да Тараз қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізудеміз. Біздің мақсат – тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдау, шешу жолдарын қарастыру. Жыл басынан бері Тараз қаласында, аудандарда, елді мекендерде халықпен 800-ден аса кездесу өтті. Көптеген мәселелер көтерілді. Тиісінше тұрғындардың талап-тілегіне сай талай мәселе шешімін тапты. Кейбір мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Тұрғындардың көтерген әрбір ұсынысы, мәселесі біздің назарымыздан тыс қалмайды. Бірақ, мына нәрсені дұрыс түсінуіміз керек. Барлық мәселені бір мезетте, бір жылда шешіп тастау мүмкін емес. Жоспарға сай жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіле береді, - деді Нұржан Нұржігітов.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, №8 аумақтық округтің халық саны 30 500 тұрғынды құрайды. Аумақтық округке «Жайлау», «Салтанат», «Талас», «Самал», «Мыңбұлақ» ықшамаудандары кіреді.

– №8 аумақтық округте 2023-2025 жылдарға арналған 3 жылдық даму жоспары аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап өтер болсақ, 2023 жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен 481,2 миллион теңгеге Шостакович көшесін және 386,9 миллион теңгеге Саңырақ батыр көшесін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Сонымен қатар, «Самал» және «Мыңбұлақ ықшамаудандарындағы мектеп және балабақшаларға баратын жаяу жүргінші жолдары жөндеуден өткізіліп, биылғы жылдың қазан айының аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Ықшамаудандардағы көпқабатты үйлердің аулалары мен кіреберістерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына биыл 200 миллион теңге бөлінген. Мердігермен келісімшарт жасалды. Жөндеу жұмыстары тамыз айында басталады. Сонымен қатар, тозығы жеткен «Мыңбұлақ», «Самал», «Алатау», «Жансая» ықшамаудандарындағы ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғыртудан өткізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге және ведомстводан тыс сараптамадан өткізуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді, – деген шаһар басшысы қаланың тазалығын сақтау, қаңғыбас ит-мысықтарды аулау бағытында қолға алынған жұмыстарды айта келіп, бірқатар мәселелерге де тоқталды.

Бұдан кейін кездесу ой-пікір алмасу, сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Мәселен «Талас» ықшамауданының тұрғыны бұрын «Зербұлақ» көлінде балалар жаз бойы шомылып, бой сергітетінін, ал қазір айналасының қоршалып тасталғанына қынжылысын білдірді.

Ал Гүлмира Әпсаматова есімді «Самал» ықшамауданының тұрғыны жарықтандыру мәселесін көтерді. Сондай-ақ тұрғын ықшамауданындағы қаңғыбас иттердің көптігін және бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген балалар ойын алаңшасының мүлдем жарамсыз болып қалғанын ашына жеткізді.

Тұрғынның сауалына жауап берген қала әкімі әрбір мәселе бойынша қала әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.

«Салтанат» ықшамауданының тұрғыны да балалар ойын алаңшасының жоқтығын айтып, ұсынысын ортаға салды.

Жалпы кездесу барысында сан сауалын жолдаған тұрғындарға аймақ басшысы, қала әкімі тарапынан нақты жауаптар берілді.

 

Округ тұрғындары негізінен аулалардың абаттандырылуы, қоқыстардың жиналуы, қаңғыбас иттер, тұрғын үйлерді жаңғырту, ирригация жүйелерін жаңғырту және тағы да басқа мәселелерді көтерді.

 

Кездесуден соң Нұржан Нұржігітов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.   

Жамбыл облысы әкімдігі
04.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616