Облыс әкімі жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды

Облыс әкімі жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салды

Жамбылдықтар  әскерге шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салды.

“Әскерге бару - азаматтық борышың!” атты салтанатты жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, отан қорғаушыларға үлкен сенім білдірді.

—Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы борышын өтеу – әрбір азаматтың борышы. Бұған асқан адалдық, жауапкершілік керек!
Әскер қатарында болу – күш-жігерді, батылдықты, шыдамдылықты және Отанға адал қызмет етуді үйретеді.

Облысымызда «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарында 13 мыңға жуық жастар қамтылған. Олар – тәртіп, жауапкершілік, Отанды қорғау сынды қасиеттерді үйреніп келеді, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, биыл Жамбыл облысынан көктемгі шақыртуға 1500-ге жуық жас сарбаз азаматтық парызын өтеуге әскер қатарына жіберілді.

Солардың қатарындағы 40 азамат бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметіне және Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің 35142 әскери бөліміндеріне мерзімді әскери қызметтерін атқаруға бара жатыр.

Жиынға қатысушылар Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы Барлау тобының қоян-қолтық ұрыс көрінісін тамашалады.

Бұдан соң Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Жамбыл облысы әкімдігі
07.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 93
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 87
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 93
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 289
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 283
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 904

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8981
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8375
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11601
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9359
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10585