ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мақта алқаптары мен мақта зауыттарында, мақта қабылдау пунктерінде болып, шаруалармен тілдесті. Негізгі табысын агросектордан алатын ауданда өнім көлемі мен сапасын арттыру мақсатында тік дренаждарды іске қосу, елді мекендердегі жерасты суын төмендете отырып көгалдандыру, абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Жалпы саны 380 дана тік дренажды ұңғымалардың 170-і ғана тұрақты жұмыс істеп тұрған ауданда 2023 жылдың қазан айында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі «ҚазСушар» РМК тапсырысымен «Ислам Даму Банкі» қаржысы есебінен 210 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталған. 2026 жылы толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде.
Жоспар бойынша «КиікбайСтройСервис» ЖШС Мақталы, Қызылқұм, Абай ауылдық округтеріндегі 97 дана тік дренажды қалпына келтіру арқылы 16 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайын жақсарту көзделген болса, «Арт-Құрылыс» ЖШС Ералиев, Ынтымақ, Ш.Ділдабеков ауылдық округтеріндегі 113 дана тік дренажды қалпына келтіру арқылы 20 мың гектар алқаптың мелиоративтік жағдайы қайта қалпына келтіру көзделуде.
Қазірдің өзінде «Арт-Құрылыс» компаниясы 113 дана ұңғыманың 60-ын бұрғылап үлгерген. Мердігерлер ұңғымаларды бұрғылаумен қатар келесі жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 124 шақырымды құрайтын су қашыртқыларын қалпына келтіріліп, 230 шақырым электр жүйелерін қайта іске қоспақ.
80 мың гектарға тарта суармалы жері, 10 мыңға жуық шаруа қожалығы бар ауданында биылғы жылы 40,8 мың гектар жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 гектар жерге мал азықтық дақылдар егілген. Өткен жылы 45,2 гектар алқапқа мақта дақылын егіп, 122 мың тонна өнім алған шаруалар биыл 106 мың тонна ақ алтын жинауды жоспарлап отыр. Бүгінде күзгі жиын-терім науқаны басталғалы 21 993 гектар мақталық алқап теріліп, 50 102 тонна мақта өнімі жиналған.
321 шаруа қожалығы 1200 га жерден жылына 2 рет өнім алу жобасын іске асырса, жылыжайлар мен парниктердің жалпы көлемі 23 гектарға, мақта, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім дақылдарындағы тамшылатып суғару технологиясын енгізу 2800 гектарға жеткен.
Сонымен қатар, мақта жинау науқанына байланысты ауданда жұмыс істеп тұрған 7 мақта өңдеу зауыттарының 77 мақта қабылдау бекеттері бар. Оның 53-і аудан аумағында орналасқан мақта өңдеу зауыттарына тиесілі болса, 24-і Мақтарал ауданы аумағында орналасқан мақта өңдеу зауыттарына тиесілі. Бүгінде аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның тікелей араласуымен мақта өңдеуші зауыттар мен шаруалар арасындағы қаржылық операцияларды жүргізудің заңдылығын сақтау мақсатында арнайы келісім-шарт үлгісі жасалып, барлық зауыттарға таратылған.
Шаруалармен кездесу барысында күзгі жауын-шашынға қалдырмай мақта терім науқанын сапалы ұйымдастыру, күзгі жиын-терімге берілетін мемлекеттік қолдауларды өз уақытында көрсету, мақта бағасы мен басқа да мәселелерге тоқталған облыс әкімінің орынбасары мақта қабылдау бекеттеріндегі таразыдан алдау, зертханаларда мақта сапасын қасақана төмендету секілді жағдайларға жол бермеу керектігін ескертті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 49
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 108
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 22
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 53
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 51
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 108
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 138
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 141
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 131
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 138
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 144
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 138

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11268
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10204
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13451
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12405
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17413