🔰Облыстың аумақтық қорғанысын дайындау мақсатында үстіміздегі жылдың 26 шілдесі мен 4 тамызы аралығында тексеру жиыны өтті.

🔰Облыстың аумақтық қорғанысын дайындау мақсатында үстіміздегі жылдың 26 шілдесі мен 4 тамызы аралығында тексеру жиыны өтті.
🔹Оған Қордай ауданының аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген 100 әскери міндетті қатысты.
📌«Қордай-2023» тактикалық оқу – жаттығуының жабылу шарасына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты.
▪️Облыс әкіміне 99205 әскери бөлімінің командирі Әлжан Хамзин әскери жиынның қорытындылары туралы баяндады.
▫️Айта кетейік, тексеру жиыны барысында, әскери міндеттілер бір апта көлемінде, әскери дайындық сабақтарынан өтіп, арнайы тактикалық оқу жаттығуда аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тапсырылған нысандарды күзету және қорғау, қарсыластың диверсиялық-барлау топтарымен күресті ұйымдастыру бойынша дайындықтарын жетілдіріп, тәжірибе алмасты.
❗️Аймақ басшысы Гвардейск гарнизонына қарасты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Мәтібұлақ» оқу-жаттығу полигонында әскери қару-жарақтардың және жас сарбаздар мен әскери міндеттілердің дайындық нәтижелерімен танысты.
📌Сондай-ақ, «Қордай-2023» тексеру жиынының әскери міндеттілермен өткізілген арнайы тактикалық оқу-жаттығуларын көрді.
✅«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы Мереке Көшекбаев та оқу-жаттығудың маңыздылығын атап өтіп, одан сәтті өткен әскери жиынға қатысушыларды құттықтады.
▫️Бұдан соң, тексеру жиынына атсалысқан бірқатар азаматар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
❕Аймақ басшысы аумақтық қорғаныс бөлімшерінің жағдайын жақсарта түсу бойынша жауаптыларға ұсыныстар беруді тапсырды.
◾️Айта кету керек, дәл осындай жиын үстіміздегі жылдың сәуір айында Жуалы ауданының аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен жоғарғы деңгейде өткізілген болатын.Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасады.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
06.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5052
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5217
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20177
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18821
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22276