ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРҒА ИНЕРТТІ МАТЕРИАЛДАР СЕБІЛІП, ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРҒА ИНЕРТТІ МАТЕРИАЛДАР СЕБІЛІП, ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
 
Түркістан облысында 7 наурыз күні қалың қар түсіп, боран соғу салдарынан Бәйдібек, Төлеби, Созақ, Сауран аудандарында 5 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қар құрсауында қалып, уақытша көлік қозғалысы тоқтатылды.
✔️Қазіргі таңда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан жолдарды қардан тазалап, инертті материалдар себіліп, 38 арнайы техника мен 117 жұмысшы жұмылдырылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілуде.
✔️Атап айтқанда, Бәйдібек ауданында КХ-1, «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік» а/ж 0-75,4 шақырымы, Төлебиде КХ-28, КХ-82, «Көксәйек - Нысанбек» және «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» жолдарында жұмыс жүрді.
Ал Созақта КХ-56, Жамбыл облысының шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай -Құсшы ата», Сауран ауданында КХ-56 «Жамбыл облысының шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай -Құсшы ата» автомобиль жолдарының бөліктері уақытша жабылды.
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1916
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2159
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17045
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15769
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19130