Ойылда тары жайқалып өсті

Ойылда тары жайқалып өсті

Қызылқоға ауданының Ойыл ауылдық округі, Жасқайрат ауылының тұрғыны Сырым Тәжіков биыл егін шаруашылығын қолға алды. Ол тары дақылын Ойыл өзенінің жағалауында екті. Бұл – жергілікті жерде дәнді дақыл өсіруді дамытуға бағытталған жеке бастама. 

Егістік жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Қазір егістік алқабында күтіп-баптау жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Дақылдың қалыпты өсіп-жетілуі үшін қажетті шаралар уақытылы ұйымдастырылып, жұмыстар өз деңгейінде жалғасып жатыр. Алдағы жоспар – егістік көлемін ұлғайту.

Диқан алдағы жылы егіс алқабының көлемін кеңейтуді жоспарлаған. Егер биылғы өнім күткендегідей болса, тары егілетін жер көлемі ұлғайтылып, ауылшаруашылығы өндірісін одан әрі дамыту көзделіп отыр.

 

 

А. ХАМИТТЕГІ
30.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26654
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26087
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43479
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39258
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43883