ОЙЫН ЗАЛДАРЫ МЕН КОМПЬЮТЕРЛІК КЛУБТАРҒА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

ОЙЫН ЗАЛДАРЫ МЕН КОМПЬЮТЕРЛІК КЛУБТАРҒА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

«Нұра» ауданының мониторингтік тобы Астананың ойын залдары мен компьютерлік клубтары бойынша рейд өткізді, оның барысында бұзушылықтар анықталып, жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Іс-шараға Нұра аудандық әкімдігінің, Қалалық полиция департаментінің ювеналды полиция бөлімінің, Білім басқармасының және Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдері қатысты. Астана әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Қарлығаш Саркенованың айтуынша, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері комиссияның ерекше бақылауында. Рейд нәтижесінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда жүрген 12 жасөспірім анықталды. Балаларды қараусыз қалдырған ата-аналар ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2,3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компьютерлік клубтарға да балалардың мекемеде болуына мүмкіндік бергені үшін әкімшілік жаза қолданылды. Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қараусыз қалуына қарсы күрес, кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу. Айта кетейік, Астана қаласы прокуратурасының, Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың үйлестіруімен, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен бірлесіп, түнгі уақытта қала көшелерінде және ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, 442-бап бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында өз беттерінше болуына тыйым салынады, сондай-ақ сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуға тыйым салынады.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
31.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 41
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 572
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 686
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 600
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 609

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8746
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8146
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11375
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9129
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10360