Референдум

Өңдеу секторын дамытсақ, әлемдік нарықта да табысты боламыз

Өңдеу секторын дамытсақ,  әлемдік нарықта да табысты боламыз

Қазақстан қазіргі кезеңде өңдеу өнеркәсібін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырып отыр. Мемлекет алдағы жылдары өңдеу секторын одан әрі нығайтып, әлемдік нарықта өз орнын күшейткісі келеді. Қазақстанның экономикалық өсуін жеделдетіп, өнеркәсіптің жаңа деңгейге көтерілуіне заманауи технологиялардың енгізілуі, жаңа өндіріс орындарының ашылуы және экспорттық әлеуеттің артуы жағдай жасайды. Елімізде қосымша құнды өнім өндіруге мүмкіндік беретін сала – осы өңдеу өнеркәсібі. Айталық, бізде металлургия, машина жасау, химия, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп секілді өңдеу секторлары қарқынды өсуде. Елде қажетті шикізат базасы болғандықтан, әсіресе металлургия саласы алғашқы орында тұр. Сонымен қатар мыс, алюминий, болат өндірісі жыл санап артып, экспорт саласында алдыңғы қатарда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында «жаңа экономикалық бағдар» аясында өңдеу саласын жедел дамытуға қатты көңіл бөлуге тапсырма берді. Осыған орай, өңдеу өнеркәсібін дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету үшін 2021 жылы «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң бекітілді. 

Президент «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі кезеңдегі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамызды өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жеткізу, сөйтіп өңдеу саласын жедел дамытуға күш салуымызды – Президент өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті. Осыған орай ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер, тыңайтқыштар шығару және металды терең өңдеу, мұнай-газ бен көмір химиясы секілді бағыттарды айқындап берді.

Елде мемлекеттік бағдарлама өз жұмысын бастап, 2023 жылғы наурызда 2023–2029 жылдарға арналған өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Осыған байланысты бұл салада біраз маңызды жобалар атқарылуда. Мемлекет басшысы 2024 жылы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті күшейту шараларын тапсырды. Отандық өңдеу өнеркәсібі соңғы жылдары қуантарлық өсім көрсетіп, экономикамыздың маңызды секторы болуда. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылы өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 50 124,9 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 48,9% немесе 24 502,6 млрд теңгені құрайды. Бұл статистикалық мәліметтер бойынша көрсеткіштер.

Мынадай салалардан өңдеу өнеркәсібінің өсуін байқауымызға болады:

машина жасау: елімізде шетелдік автоөндірушілермен бірлескен жобалар жүзеге асырылып, көлік құрастыру зауыттары көбейіп жатыр. Машина жасау саласында өсу қарқыны байқалады. Бұл шетелге экспорттауға зор мүмкіндік және ішкі нарықты сапалы техникамен қамтамасыз етпек. 

Ауылшаруашылығы техникасын өндіруді дамытуға мүмкіндік берілуде, себебі агросектор еліміздегі басты салаларының бірі. Ауылшаруашылығы және теміржол техникасы өндірісі, компьютерлік жабдықтар, электр аспаптары да ұлғаюда. Машина жасау саласында өсу қарқыны байқалады.

қара металлургия: осы салада 10,8% өсім бар. Яғни ферроқорытпа, болат, шойын және жалпақ прокат өндірісі қарқынды дамуда.

түсті металлургия: өндіріс көлемі 4,8%-ға өсіп, мыс, мырыш, қорғасын және алюминий өндірісі айтарлықтай өсуде.

химия өнеркәсібінде фармацевтика саласы өркендеп келеді. Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі артып, импортқа тәуелділік біртіндеп кемуде. Сонымен қатар тыңайтқыштар, полимерлер және басқа да химиялық өнімдер өндірісі дамуда. Ауылшаруашылығы мен құрылыстың өсуіне осы сала зор маңызды рөл атқарады.

Өнеркәсіптік өндіріс индексі 102,3% құрап, 2025 жылдың қаңтар айында да оң динамика сақталды. Яғни өңдеу өнеркәсібінде 3,7% өсім байқалып отыр. Астана және Шымкент қалаларында және облыстар бойынша Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік Қазақстанда біршама өсу бар. Міне, осындай статистикалық деректерден біз ел экономикасында маңызды рөл атқаратын өңдеу секторының айтарлықтай өркендеп келе жатқанын байқауымызға болады.

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
05.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23884
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23554
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40743
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36990
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41234