Өңірде жастарды заманауи IT-дағдылар мен технологияларға оқытатын IT Park ашу жоспарлануда

Өңірде жастарды заманауи IT-дағдылар мен технологияларға оқытатын IT Park ашу жоспарлануда

✔️Өңірдің цифрлық трансформациясы және IT-кадрларды даярлау мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.

🇰🇿Өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялағанын атап өтіп, бұл жыл облыс үшін бетбұрыс кезең болуы тиіс екенін айтты.

👥Жиын барысында интернет-инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік және мемлекеттік салаларға цифрлық әрі ЖИ-шешімдерді енгізу, сондай-ақ IT-кадрларды даярлау және ақпараттық технологиялар саласында жаңа білім беру алаңдарын құру мәселелеріне назар аударылды.

Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаевтың айтуынша, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту цифрландырудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша интернетпен 294 ауыл қамтылған, оның ішінде 270 елді мекен мобильді байланыс арқылы, 24-і OneWeb спутниктік технологиясы арқылы қосылған. Жалпы алғанда, ауыл халқының интернетпен қамтылу деңгейі 98 пайыздан асты.

«5G желілерін дамыту жалғасуда: Ақтөбе қаласында 82 базалық станция жұмыс істейді, аудан орталықтарында қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2026–2027 жылдары 206 ауылда тұрақты жоғары жылдамдықты интернет үшін талшықты-оптикалық байланыс желілері салынады, ал облыстың 9 ауданындағы республикалық маңызы бар автожолдар бойында 17 байланыс мұнарасы орнатылады», – деді Әсет Отарбаев.

Әлеуметтік саладағы цифрлық шешімдерге де ерекше көңіл бөлінді. Білім беру саласында «DaraBala» бірыңғай платформасы дамып келеді. Онда 272,5 мыңнан астам ата-ана және 356,2 мың бала тіркелген. Жүйе жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, сабаққа қатысуды автоматты түрде есепке алады, сондай-ақ жүктеме мен мекемелер жұмысының тиімділігі бойынша талдау қалыптастырады. Қазіргі таңда спорт мектептері мен секцияларға арналған жаңа модульдер сынақтан өткізілуде.

Қоғамдық қауіпсіздік саласында өңірде 79 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған, оның шамамен 20 мыңы Жедел басқару орталығына қосылған. Бет-әлпетті және көлік нөмірлерін тану, түтін мен өртті анықтау, адамдардың жаппай жиналуын және құқықбұзушылықтарды тіркеу функциялары бар 834 интеллектуалды камера енгізілген. Бір жыл ішінде олардың көмегімен 250 қылмыс ашылған — бұл бұрынғыдан 79 пайызға көп, ал жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 34 пайызға азайған.

Сонымен қатар өңірде аумағы 1 700 шаршы метрді құрайтын, жылына 300–400 студентті оқытуға есептелген IT Park ашу жоспарлануда. Оның базасында Tomorrow School — жасанды интеллект бойынша Peer-to-Peer мектебі және 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған, ЖИ саласында мамандану бағытын еркін таңдауға мүмкіндік беретін тегін TUMO Center инновациялық орталығы жұмысын бастайды.

📌Қорытындылай келе, облыс әкімі жекелеген жобалардан нақты нәтиже беретін жүйелі жұмысқа көшу қажеттігін атап өтіп, барлық басқармаға цифрлық трансформация картасын іске асыруға белсенді түрде атсалысуды тапсырды.

«Цифрландыру — басқару тиімділігін арттырып, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға тиіс стратегиялық маңызды сала. Барлық салалық басқармаларға цифрлық жобаларды қайта қарап, олардың практикалық тиімділігіне, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік салада басымдық беруді тапсырамын. Интернеті жоқ 17 ауылдық елді мекенді қысқа мерзімде тұрақты интернетпен қамтамасыз ету қажет және бұл мәселе тұрақты бақылауда болуы тиіс. IT-кадрларды даярлау жүйесін нарық сұранысына сәйкестендіріп, бағдарламалау, киберқауіпсіздік және деректерді талдау бағыттарын күшейту, сондай-ақ IT-компаниялармен тығыз өзара іс-қимыл орнату керек. Цифрлық бастамаларды үйлестіру үшін тұрақты жұмыс істейтін Цифрлық трансформация жөніндегі кеңес құрылады, ол жобалардың енгізілуін және халық үшін нақты нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді», – деп атап өтті өңір басшысы.

Ақтөбе облысының әкімдігі
12.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22059
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21823
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37459
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35402
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39465