Өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жұмысы және жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылым жобаларының барысы

Өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жұмысы және жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылым жобаларының барысы
Премьер-министр Олжас Бектеновтің гидротехникалық нысандардың жай-күйін бақылауда ұстау және трансшекаралық өзендердегі қауіптердің алдын алу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Алматы облысына жұмыс сапарымен бардым. Онда өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жұмысымен және жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылым жобаларының барысымен таныстым.
Іле ауданында сыйымдылығы 120 млн текше метрді құрайтын Күрті су қоймасының жұмысын көрдім. Бұл нысан Іле және Жамбыл аудандарындағы 13,7 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Күрті су қоймасы бөгетін реконструкциялауға арналған жобалық құжат әзірленіп жатыр. Сонымен қатар секундына 309 текше метрге дейін су өткізуге қауқарлы Күрті су қоймасындағы Тасқұтан су көтергіш бөгетін реконструкциялауға арналған құжат та дайындалып жатыр.
Бұдан бөлек, Ислам даму банкімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобаның екінші траншы аясында 2027 жылы жалпы ұзындығы 62,3 шақырым болатын Күрті өзеніндегі оң жағалау және сол жағалау магистральдық каналдарын реконструкциялау жұмыстары басталады.
Одан кейін Еңбекшіқазақ ауданына барып, Шелек өзеніндегі Бартоғай су қоймасының жұмысымен таныстым. Қазіргі таңда нысанды реконструкциялауға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленуде. Жоба аясында су қоймасы бөгетін нығайту, су деңгейін тәулік бойы бақылау жүйесін енгізу, қақпаларды басқаруды автоматтандыру, жергілікті ескерту жүйесін орнату және жаңа инфрақұрылым салу көзделген.
Бартоғай су қоймасы Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Қарасай және Талғар аудандарындағы 66,3 мың гектар суармалы алқапты сумен қамтамасыз етеді. Нысанның жобалық сыйымдылығы - 320 млн текше метр.
Одан соң Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жалпы ұзындығы 1,53 шақырым болатын учаскелерін қайта жаңғырту нәтижелерімен де таныстым. Жоба аясында канал арнасы тұтас темірбетонмен қапталған. Соның нәтижесінде нысанның техникалық жай-күйі жақсарып, су өткізу қуаты артты, су шығыны азайды. Бұл өңірдегі 33,3 мың гектар суармалы жердің сумен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта ұзындығы 15,5 шақырым болатын канал учаскесін реконструкциялау жобасы толық әзірленді. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 110 шақырым болатын учаскелерді реконструкциялауға арналған құжат дайындалып жатыр. Бұл жұмыстар Алматы облысының басты су арнасын толық бетондап, заманауи талаптарға сай жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Еңбекшіқазақ ауданында Балтабай суару алқабындағы жұмыстарды да көрдім. Мұнда Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының екінші кезеңі аясындағы іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарының 94%-ы орындалған.
Өңірдегі су шаруашылығы нысандарын аралап шыққаннан кейін «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының қызметкерлерімен кездестім. Әріптестерімізге сала мамандарын әлеуметтік қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтып, оларды келе жатқан Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтадым.
04.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26196
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25645
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43030
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38845
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43437