Оқушы электр қуатын өндіретін жоба ойлап тапты

Оқушы электр қуатын өндіретін жоба ойлап тапты

Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Қанат Тәжіхан электр энергиясын өндіретін жоба ойлап тауып, оны жүзеге асыру үшін демеуші іздеуде.

Жас өнертапқыш қалқымалы күн панелін жасап шығару үшін екі жыл уақытын жұмсаған. Қанаттың The Future Solаr Power Plant деп аталатын қалқымалы күн панелінің ерекшелігі сол, ол жер бетіне емес, су бетіне орнатылады. Жоба жүзеге асса, кәдімгі күн электр стансаларына қарағанда 65 пайызға дейін көп энергия өндіруге мүмкіндік туады.

– Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Бурное Солар-1», «Бурное Солар — 2» деп аталатын күн панельдері өте көп, шамамен 300-400 мыңдай. Оларды бүгінде ешкім тазаламайды. Көлемі өте үлкен болғандықтан, әзірге оны тазалауға мүмкіндік те жоқ. Ал оларға күтім жасалмаса, шаңның әсерінен күн сәулесін өндіру мүмкіндігі де төмендейді. Осы мәселені шешу үшін мен жобама қосымша автономды тазалағыш құрал да жасадым. Ол автоматты түрде таңғы 7-де және түскі 2-де панельге су сеуіп салқындатып, шаңын сүртіп отырады. Бұл энергия өнімділігін 25-30 пайызға дейін сақтауға жол ашады. Сондай-ақ, оның қасына ақылды күн трекерін жасадым. Ол күніне 2-3 рет қана қосылып, өзіне ыңғайлы, күн сәулесі түскен жаққа қарай бағыт алып отырады. Бұл да электр өнімділігін 50 пайызға дейін арттырады. Осылайша, қазіргі қолданыстағы күн электр стансасы 60 мың үйді электр энергиясымен қамтамасыз етсе, менің панелім 120 мың үйге электр қуатын бере алады.

Жуалыдағы күн панелінің біреуін орнатуға шамамен 121 мың теңге қажет болса, менің қалқымалы күн панеліме 250 мың теңгедей қажет. Бірақ, бұл жоба жүзеге асса, небәрі екі жылда өз шығынын өтеп, инвесторға табыс әкеле бастайды. Мұның барлығы жобамда толығымен есептелген, – дейді 17 жасар өнертапқыш.

Қанат жобасын жүзеге асыру үшін алдымен күн электр стансаларының кемшіліктерін зерттеген. Ол үшін арнайы Жуалыға «Бурное Солар» күн электр стансалары орналасқан жерге барып, тәжірибелер жүргізеді. Сондағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасына өзінің қалқымалы күн панельдерін орналастырып, өз жобасының 65 пайызға дейін көп энергия өндіретінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп шығады. Оның айтуынша, қалқымалы күн панельдерінің артықшылықтары аз емес. Атап айтсақ, құрылғыны орнату үшін арнайы жер дайындаудың қажеті жоқ. Оның орнын кез келген уақытта ауыстыра беруге болады. Панель су қоймаларын эвтрофикациядан, яғни, буланудан, балдырлардың өсіп кетуінен сақтайды. Ал ең негізгісі, көп энергия өндіреді.

Өнертапқыш бұл жобасын түрлі халықаралық зияткерлік жарыстарда, ғылыми байқауларда қорғап жүр. Нәтижесі өте жақсы. Бүкіл Азия елдері қатысатын «Ingenious project – 2022» халықаралық ғылыми жобалар байқауында І орын, Францияның Париж қаласында өткен «The Big Progress» халықаралық байқауында І орынды иеленді. Француздар тіпті, жас таланттың талабын көріп, өз елдеріне шақырту да жіберіпті.

– Мен өз жобамды өз елімде жүзеге асырғым келеді. Егер жобамды жүзеге асыруға демеуші тапсам, біз жасыл энергияны дамытып, толық энергия алып жатқан тұңғыш мемлекет болар едік. Францияға шақыртқанда бармаған себебім де сол.

Жоба туралы алғаш рет 9-сынып оқып жүргенде ойыма келді. Біріншіден, мен еліміздегі электр қуаты тапшылығы мәселесін шешуге үлесімді қосқым келеді. Себебі, біздің елімізде, әсіресе, оңтүстік өңірлерде электр энергиясы тапшы. Мысалы, тек бір жыл ішінде еліміздің солтүстігінде – 8, оңтүстігінде – 12 пайызға электр энергиясын тұтыну мөлшері артқан. Бұл мәселені шешу үшін елімізде көмір, газды пайдаланып, атом электр стансасын соғу ұсынылуда. Бірақ, халқымыздың біраз бөлігі атом электр стансасын соғуға қарсы, ал көмір экологияға зиян. Ол көмірқышқыл газын бөледі әрі сарқылатын ресурс. Біз жасыл энергияға, дәлірек айтсақ, күннен электр энергиясын алуға өз деңгейінде мән бермейміз, оны жай қосымша энергия көзі деп санаймыз. Егер жасыл энергияға мемлекет тарапынан шындап қолдау көрсетілсе, зор табыстарға жетер едік, – дейді жоба авторы.

Айта кетерлігі, Қанаттың бұл жалғыз жобасы емес. Ол Қалдыбай Барысхан есімді сыныптасымен бірге жасанды интеллект арқылы қоқыстарды 5 түрге бөліп сұрыптайтын робот құрылғыны да жасап, жетілдіру үстінде.

– Екінші жобаны қолға алғалы көп бола қойған жоқ, небәрі үш айдай уақыт болды. Бірақ, менің қазіргі таңдағы басты мақсатым, арманым десе де болады, қалқымалы күн панельдерімді қолданысқа ендіру үшін инвестор табу. Жобам жүзеге асса, одан әрі әлемді таңдандыратын туындыларды жасауға күш саламын. Оның біразы қазір ойда пісіп-жетілуде, – деп жымиды талапты талант.

 

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА
20.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 94
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 207
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 421
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 384
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1003

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9078
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8476
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11704
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9467
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10684