ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР БАҚЫЛАНЫП, ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы ауданына іссапармен барып, ондағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Аудан әкімі Азат Оралбаев денсаулық және білім нысандарының жұмыстарын таныстырды.
2009 жылы пайдалануға берілген Ордабасы аудандық орталық ауруханасында 285 төсек-орын бар. Оның ішінде травматология, хирургия, инсульт, перзентхана, оңалту бөлімі қажетті төсек-орындарымен қамтылған. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру 82%-ды құрап отыр. Ересектер мен балаларға тәулік бойы мамандандырылған стационарлық медициналық көмектер көрсетіп, зертханалық диагностикалар жасалады. 400 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Бұл аурухана енді ауданаралық деңгейде қызмет көрсетуге көшеді. Биыл материалдық-техникалық базасы күшейтіледі. 2022 жылы құрылысы басталған Бадам ауыл округіндегі Дербес ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті өткен жылы берілуі тиіс еді. Кедергілер ретке келтіріліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Газ жалғау мәселесі шешілуде. Жуырда ел игілігіне тапсырылады.
Іссапар кезінде күрделі жөндеуді қажет ететін білім ұяларының да жағдайы баяндалды. Ақбұлақ ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп салынуда. Іргетасы құйылып жатқан білім ошағы биыл жыл соңында тапсырылуы тиіс. Жайлы мектептің құрылысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң қадағалауымен жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға құрылыс шараларын мұқият, уақытылы, сапалы орындауды жүктеді.
Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов мектебі ғимаратының әбден тозығы жеткен. Шұбарсу ауылындағы Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы мектепте жағдай орташа. Бюджетттен үнемделген қаражатпен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге білім басқармасына тапсырма берілген. Жұмыс сапары барысында осы ауылда салынып жатқан «Sea bilim» білім беру мектебіне де аялдады. Жылдың басында ашылған жекеменшік білім нысанының жобалық қуаты – 1780 орын. Қазір 370 оқушы білім алуда. Оқушылар мен мұғалімдерді мектепке бағыттау керек.
Аудандық әкімдік ғимаратында Бейсенбай Дәулетұлы жеке қабылдау өткізіп, ордабасылықтардың өтініштерін тыңдады. Жаңа мектеп және емхана салу, тозығы жеткен ауылдық клубтарды күрделі жөндеуден өткізу, спорт кешендерін қолданысқа беру және халықаралық турнирлер ұйымдастыру сынды мәселелер айтылды. Жауаптыларға тиісті ұсыныстарды жолдауды міндеттеген облыс әкімінің орынбасары көтерілген проблемалар заңдылығына қарай шешімін табады деді.
Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі
08.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 144
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449