Өзге аймақтарға үлгі боларлық жоба

Өзге аймақтарға үлгі боларлық жоба

Бес жыл бұрын облысымызда қолға алынған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасы бүгінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте осы жобаның іске асырылу барысы қаралды.

Аталған жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Шәкір Момынқұлов баяндады. Оның айтуынша, биыл 10 ауданнан 26 ауылдық округ қаржыландыруға ұсынылып отыр, оған 24 миллиард теңге қажет екен. Бұл округтердегі жалпы 13157 аулада 69514 адам тұрады. Алдын ала жасалған скрининг нәтижесінде 3923 жобаға 18,6 миллиард теңге қажет көрінеді.

Бүгінгі күнге жалпы көлемі 10,8 миллиард теңгеге 1795 өтінім келіп түскен. 26 ауылдық округтің барлығында кооперативтер құрылып, тіркеуден өтті. 11,5 миллиард теңге «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлік қоғамына аударылып, өтінімдерді қаржыландыру жұмыстары басталған. Алайда, арнайы құрылған жұмысшы топ 14 ауылдық округте мониторинг жүргізіп, кооперативтер және ауылдық округтер бойынша бірқатар жүйелі мәселелерді анықтаған.

«Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Әбілхайыров баяндама жасап, қаржыландыруға қатысты жайттарға тоқталды. Ол кепіл шартын тіркеу мерзімінің ұзақтығын, ауыл тұрғындарының несиеге өтініш беру кезінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің № 47 қағидасына сәйкес, жеке кәсіпкер болып тіркелуі қажет екенін айтты. Осы талаптарға байланысты өтініштің азайып отырғандығын жеткізді.

Облыс әкімі анықталған кемшіліктерге нақтылай тоқталып, ол жұмыстарды ұтымды үйлестіруде сылбырлық танытып отырған басшыларды сынға алды.

Аймақ басшысы жауаптыларға зерделеу барысында анықталған кемшіліктерді жою, ауыл тұрғындарының пай үлестерін кооперативпен бірігу арқылы, жерлерін игеру бойынша жұмыстарын ұйымдастыру, құрылған кооперативтің сұранысына сәйкес аудандық жер қорынан ауыл шаруашылығы жерлерін беру, барлық ауыл шаруашылығы кооперативтерінің техника тұрағы, қойма және басқа да қажеттілікке сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ауылдық округтен арнайы жер беруді ұйымдастыру секілді мәселелерді шешу бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов «Ауыл аманаты» жобасы тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығын баса айтып, жобаны белсенді әрі тиімді жүзеге асыру бойынша облысымыз өзгелерге үлгі болып қалу керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында вегетациялық кезеңді өткеру барысы туралы да талқыланып, түйткілді мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдау, суды кесте бойынша тиімді әрі үнемді пайдалану қажеттілігі айтылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
28.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 18
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 12
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 157
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9034
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8430
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11658
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9413
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10639