"ӨСІРУ МЕНІ КӨШІРУ"

"ӨСІРУ МЕНІ КӨШІРУ"

Кеңес заманында біздің елде Дайрабай (аты өзгертілді) деген арызқой кісі болған.  Өңірдің басшысы мен совхоз директорлары Дайрабай десе зәрелері ұшады екен. (Арты қуыс болғасын қорқады да).  Соңына түскен шендінің түбіне жетпей тынбайтыны әмбеге аян тағы да.  

Сол Дайекеңнің жалғыз ұлы болыпты.  Ол  ауданда төменгі сатыда қызмет атқарыпты.  

Дайекең болса  ауданға келген басшыны шыдатпай жүрген кезі.  Арыз жазады, тамыр-таныстыққа бой алдырғанын  дәлелдейді, жемқорлығын әшкерелейді,  әйтеуір, бір осал тұсын табады. 

Сөйтіп жоғарыға арызды жаза-жаза менмін деген дәуіңнің өзін "атынан" аударып тастай береді, тастай береді. 

Уақыт шіркін зымырап өтіп жатады.  Ел басшыға жарымайды. Қайтпек керек? Жоғары жақ та пұшайман күйге түседі. Өте қиын жағдай.

Халық әрі-сәрі болып жүрген осындай күндердің бірінде өңірге жаңа басшы келе қалады. Жас болсада иненің көзінен өтетіндей пысық болып шығады өзі. 

Келе сала арызқой Дайрабайдың жалғыз ұлының мансабына өсіреді. Мансабын өсіріп қана қоймайды Торғайдың қиыр шетіндегі ит байласа тұрғысыз бір ауылға парторг қылып жібереді.

Кеңес дәуірінде партияның айтқаны заң.  Шенеуніктің басы - партияның добы.  Қайтсін байғұс жігіт,  жүгін машинаға тиеп, әкесін кабинаға отырғызып жолға шығады.  Сонда әкесі Дайрабай шығарып салып тұрған халыққа: - Бұл менің баламды өсіру емес,  мені ауданнан көшіру ғой- деген екен көзі жасаурап. 

Сол кісі айтпақшы,  ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің тұтқындалуы, Елбасының  атына сын айтылуы, ескі саясаттың шалғайға  "көшірілуі" болып жүрмесін.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620