Отандық БАҚ бәсекеге қабілетті ме?

 Отандық БАҚ бәсекеге қабілетті ме?

Президент Қ.Тоқаев жақында жасаған жолдауында: «Бұқаралық ақпарат құралдары  бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін  айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс», – деді. Алайда, мемлекет ашық ақпараттық кеңістік құрып, сұранысқа ие әрі пәрменді ақпарат құралдарын құруға мүдделі ме? Тіпті ақпараттық қауіпсіздік қорғалып, дербес идеологияны жүзеге асыруға не кедергі? Бұған қол жеткізу үшін БАҚ туралы заңды қайта қарау қажеттігі туындаған жоқ па? Осы мәселе жөнінде БАҚ, медиа саласы өкілдері өз пікірлерін білдіруде. Солардың бірі  «Qazaq Media Association» ЗТБ құрушы бастамашылар тобының мүшесі Ербол Азанбек: «Бізде дәстүрлі БАҚ-ты алдымен идеология, имидж, ақпараттық соғыс құралы ретінде қарастыруға мәжбүрміз. Тәуелсіз БАҚ стандартына сай БАҚ санаулы. Олардың өзінде қаржылық тәуелділік бар. Мұндай жағдайда еркіндікті қайдан алады? Қазақстанның жағдайында БАҚ бәсекеге қабілетті және еркін болуы үшін ең алдымен қаржылық мүмкіндігі болуы керек. Дәл қазір БАҚ үшін қаржы көзі: мемлекеттік тапсырыс, мемлекеттік органдар мен бизнестің, жеке адамдарың жарнамалық тапсырыстары. Нарық заманында тапсырыс берушінің ең басты талабы статистиканың жоғары болуы. БАҚ-тың көпшілігі осы статистиканы көбейту үшін шулы тақырыптарды, негативті көбірек беруге құмар екенін көріп жүрміз. Рейтинг үшін кейде ақпарат бұрмаланып кететіні байқалады. Бұл оқырманға пайдалы ма? Осындай мәселе көп. Қазір БАҚ-тың өзін-өзі реттеуі, мемлекеттік органдар мен ірі жарнама берушілермен диалог, ойын шартының айқындығы, журналистік стандарт пен этиканың сақталуы сынды мәселелер бар. Жақында бір топ қазақ тілді сайттар бірігіп «Қазақ медиа қауымдастығын» құрдық. Басты мақсат – медиа оның ішіндегі қазақ тілді жаңалық таратушы сайттардың алдындағы нақты проблемаларды шешу. Ол проблемалар: қаржыландыру, жарнама берушілердің талаптарына сай болу: ол  статистика, контент сапасы, мамандар дайындау, стандарт, этика. Бұл мәселелерді нарық қатысушылары қазақ тілді сайттар нақты көріп, біліп отыр. Жақында бұл мәселені ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қаринмен, Ақпарат және коммуникация министрі Асқар Омаровпен кездесіп, талқыладық. Мемлекет тарапы да медиа саласындағы ауқымды өзгеріс керегін көріп, түсініп отыр. Жолдауда Президенттің арнайы айтқаны сондықтан. БАҚ туралы заңды қайта қарау керек деген пікірмен келісемін. Қазіргі геосаяси жағдайлар медианың рөлін жақсы көрсетті. Қазіргі жағдайда медиа кім тапсырыс берді, соған арнап «ән салып беруші» болмауы тиіс. БАҚ иесі немесе тапсырыс беруші БАҚ редакциясының шекарасына кіріп кетпеуі, БАҚ сөз еркіндігін пайдаланып, стандарт пен этиканың шекарасынан шығып кетпеуі маңызды. Жоғарыда атап өткен мәселелер бар. Оның бәрі бір-бірімен тығыз байланысты, біреуі екінші мәселенің пайда болуына әсер етіп отыр. Сондықтан жаңа заңда соның барлығын өте мұқият қарап, бір-біріне зиян келтірмейтіндей қарастыру керек. Ол тек мемлекеттің ғана иығына артылған жүк емес. Нарық қатысушылары да жауапкершілікпен үлес қосуы керек»,  десе, «Arasha.kz» сайтының бас редакторы Өміржан Әбдіхалық:

БАҚ-тың жұмысын, қызметін мемлекет реттемеуі тиіс

«БАҚ-тың тәуелсіздігі немесе билікке кіріптарлығы туралы дау бұрыннан бар. Бұл  өлмейтін тақырыптың бірі. БАҚ-тың тәуелсіздігі дегеніміз, оның қаржылық тәуелсіздігіне барып тіреледі. Егер БАҚ-тың заңды қаржыландырылуы билікке кіріптар болмаса, онда ол – еркін баспасөз. Бірақ еркін баспасөз еркіндікпен пара-пар жауапкершілік те жүктейді. Дәл қазіргі кезеңдегі қазақ баспасөзінің еркіндік мәселесін баламалы деуге болатын шығар. Біріншіден, біздегі БАҚ-тың көбі мемлекеттік тапсырыспен өмір сүреді. Түрлі тапсырыстар мен жарнамадан, өзге де қаржы көзін тауып отырған, соған өмір сүріп отырған түрлі БАҚ-тар да бар. Негізі БАҚ-тың жұмысын, қызметін мемлекет реттемеуі тиіс, оны ақпараттық нарық өзі қалыптастырғаны абзал. Тәуелсіз, еркін БАҚ дегенімізді сол нарық өзі шығарады. Алайда, көптеген БАҚ иелері қаржылық мүмкіндігін бірінші ескереді. Сондықтан да қолындағы БАҚ-ты өлтіріп алмаудың амалын қарастырады, сонымен бірге баламалы баспасөз болуға ұмтылады. Бұл жердегі үлкен себептің бірі – тілдік мәселе. Бізде жарнама нарығы Қазақстандағы орыс тіліндегі БАҚ-қа ауып кеткен. Кейінгі жылдары ғана жарнама нарығының қазақ баспасөзіне беті бұрыла бастады, бірақ бәрібір жеткілікті дәрежеде емес. Осы жарнама берушілердегі және БАҚ-ты екіге бөліп тастаған тілдік мәселе қазақ баспасөзінің жылдар бойы қадамын аштырмай келеді. Бұған дау айтатын адамдар да жетерлік. Осы жерде БАҚ туралы жаңа заң жобасы дайындалатын болса, ол жерге ең әуелі мемлекет мемлекеттік тілде жаңалықтар (қазақ тіліндегі нұсқасы екінші кезекте, қосымша тіл ретінде жүрмейтін) тарататын кез келген БАҚ-қа басымдық беру туралы арнайы бап керек-ақ. Заңға кіруге тиіс өзге де мәселелер көп. Мәселен, Ресейдің Украинаға басқыншылық жасауына дейін және қазір де ақпараттық соғыстың қалай жүріп жатқанын күнде өз көзімізбен көріп отырмыз. Бұл жерде қазіргі заманғы ақпараттық кеңістіктен қазақ баспасөзі де орын алуы үшін қыруар жұмыстың тез арада шешілуі керектігі тайға таңба басқандай анық болып тұр. Сол үшін де жаңа заң жобасында ұлттық баспасөз туралы жеке тарау болуы қажеттігі де ескерілуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіз БАҚ көп болуы үшін мемлекеттің ақпараттық нарықтағы үлесін азайту керек және осы күнгі көптеген мемлекеттік БАҚ-ты жекешелендіру қажет. Соның ішінде мемлекеттік ТВ-ның бірін қоғамдық арна жасауды да ұсынған болар ем»,  дейді. Бұл пікірлерге билік құлақ аса ма, жоқ па, бар гәп сонда.

Ермек САХАРИЕВ
29.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 155
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 153
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 263
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 266
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 476
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 438

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9137
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8535
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11763
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9530
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10743