Отанды қорғау батырлықтың, қайсарлықтың белгісі.
Халықымыз туған жерді ерлікпен қорғаған және қорғайтын азаматтарға, әскери борышын өтеушілерге әрқашан құрметпен қарайды.
Біздің ауданымыздан да Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген жастарымыз жетерлік.
Жақында ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің қатарында мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарып жүрген жерлесіміз Мүшбаев Шынғыс Мыңбайұлы әскери қызмет барысында ерекше көзге түсіп "Шекара қызметінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
"Тәрбие тал бесіктен" деген. Шыңғыстың Отанға деген сүйіспеншілігі отбасынан басталғаны белгілі. Әкесі Мыңбай Мүшбайұлы қазіргі таңда аудандағы іргелі ауыл Саудакенттегі спорт мектебінің директоры. Кезінде облыстың түйе палуаны атанған, аудандық мәслихаттың бірнеше шақырылымының депутаты болған елінің сыйлы азаматы.
Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып, Отанды қорғау қасиетті де қастерлі ұғым екенін бойына сіңіре білген азаматтарымыздың қатары көбейе берсін!