«Отбасы банк» арқылы үш айда 250-ге жуық несие рәсімделді

«Отбасы банк» арқылы үш айда 250-ге жуық несие рәсімделді

Бүгінде банк салымшылары үшін тиімді қандай бағдарламалар қолға алынуда, мемлекеттік сыйақының талаптары қандай, банктің басқа қаржы ұйымдарынан айырмашылығы неде? Жыл басынан бері облыста қанша ипотекалық несие рәсімделді деген сауалдардың көпшілікті қызықтыратыны анық. Осы орайда біздің сауалдарымызға «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының директоры Нұрлан Сұлтанов жан-жақты жауап берді.

– «Отбасы банктің» кейбір бағдарламалары тоқтағанынан хабардармыз. Қазір қандай бағдарламалар жүзеге асырылуда және оларға қатысу шарттары қандай?

– «Отбасы банк» елімізде және бүкіл ТМД аумағында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын жалғыз қаржы институты болып есептеледі. Бұл жүйе одан әрі несиелеу үшін депозитке қаражат жинауды көздейді. Оның классикалық ипотекадан ерекшелігі мен артықшылығы – қазақстандықтарға жылдық 3,5 пайыздан 5 пайызға дейінгі мөлшерлемемен несиеге тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беруінде. Мұндай тарифтерді ешбір екінші деңгейлі банк ұсынбайды. Осылайша, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі ипотекалық төлемдерді тұрғындарымыз еңсере алатындай мүмкіндік береді. Сонымен қатар, артық төлемдерді азайтады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің негізін тұрғын үй заемы құрайды. Ең алдымен, бұл банк шоттағы қаражаттың жинақталуын қамтиды. Жинақтау кезінде үш шарт орындалуы керек. Оның алғашқысы – депозитті кем дегенде үш жыл жинақтау қажет. Екіншіден, тұрғын үй құнының кем дегенде 50 пайызын жинақтау керек. Үшінші шарт – бағалау көрсеткіші 16-дан төмен болмауы тиіс. Бұл көрсеткіш банк клиентінің қаржылық тәртібінің көрсеткіші. Яғни, егер сіз ай сайын шотыңызды толтырып отырсаңыз және депозитті толтыру арасында ұзақ үзіліс жасамасаңыз, онда бағалау көрсеткіші жылдам өседі. Яғни, тұрғын үй несиесін тезірек алуға болады.

Салым бойынша қаражат жиналып жатқанда, банк бұл ақшаға жылына 2 пайыз банк сыйақысы мен 200 айлық есептік көрсеткіш немесе 583 400 теңгеден аспайтын сомаға 20 пайыз мемлекеттік сыйлықақы аударып отырады. Осылайша, клиент тұрғын үй құнының 50 пайызын шотқа жинақтаса, банк жетіспейтін 50 пайызын жылдық 3,5 пайыздан 5 пайызға дейінгі мөлшерлемемен несиеге береді. Бұдан бөлек, банкте мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары мен банктің жеке бағдарламалары да бар. Олардың шарттарын банктің ресми сайтынан білуге болады.

– Салымшыға жылына бір рет берілетін мемлекеттік сыйақы талаптарын түсіндіріп өтсеңіз.

– Мемлекеттік сыйақыға қол жеткізу үшін «Отбасы банктегі» депозитке салым салыну қажет. Мемлекеттік сыйақының максималды көлемін алу үшін, биылғы жылдың аяғына дейін депозитке салынған жиынтық сома 690 мыңнан асуы тиіс. Оған тиісті соманы ай сайын бөліп төлеу арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, клиент қаңтар айынан бастап желтоқсан айына дейін ай сайын 57500 теңгеден депозитке қаражат аударып отырса, жыл соңына дейін шотында 690 мың теңге жинақталады. Мемлекет сыйлықақысы осыған дейін есептелген жинақ сомасына берілмейді. Салымшылар осыны түсінсе екен. Кей адамдар алдыңғы жылдары да салып отырған қаржысының сомасын есептеп, соған лайық сыйақы түспегенін айтып жатады. Мемлекеттік сыйақы тек сол жылы салынған қаржы сомасымен есептеліп, беріледі. Үш жылдан аз уақыт қаражат жинасаңыз және депозитті мерзімінен бұрын жабамын деп шешсеңіз, мемлекет сыйақысы бюджетке қайтарылады. Тұрғын үй заемын алған соң оны баспана жағдайын жақсартуға пайдаланбасаңыз, онда да мемлекет сыйақысы бюджетке қайтарылатынын салымшылар ескеруі керек. Себебі, мақсат – ел азаматтарының баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету.

– Облыста «Отбасы банктің» бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үйлер бар ма?

– Әзірге жергілікті әкімдік облыста тұрғын үй салып жатқан жоқ. Болашақта әкімдік баспана салатын болса, тұрғын үй нысандарын мемлекеттік және банктің жеке бағдарламаларымен сатып алу мүмкіндігі туады.

– Бұл банктің басқа қаржы ұйымдарынан айырмашылығы баспаналы болуға бағытталғанында екені белгілі. Ал, әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы әлсіз немесе толық емес отбасыларға қандай жеңілдіктер қарастырылған?

– Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған «2-10-20» және «5-10-20» мемлекеттік бағдарламалары бар. Айталық, «2-10-20» бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған мынадай санаттағы тұлғалар қатыса алады. Олар – көпбалалы отбасы, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасы, I немесе ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім, қамқоршысыз қалған балалар (кәмелетке толған). Мұндағы несие мөлшерлемесі 2 пайыз, алғашқы жарна 10 пайыз, мерзімі 20 жылға дейін. Ал, «5-10-20» бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған тұлғалар қатыса алады. Несие мөлшерлемесі 5 пайызбен рәсімделеді. Алғашқы жарна 10 пайыз, мерзімі 20 жылға дейін.

– Кәмелеттік жасқа толмағандарға да шот ашуға бола ма және оны бала қалай пайдалана алады?

– Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға депозит ашуға болады. Кейін жас салымшы оны тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен кәмелеттік жасқа толғаннан кейін пайдалана алады. Балалар депозитінің артықшылықтарына тоқталсақ, оған 2 пайыз көлеміндегі банк сыйақысы мен бір жыл ішінде жиналған соманың (200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жинақ сомасына беріледі) 20 пайызына тең мемлекеттік сыйақы аударылады. Ол отбасылық пакеттің бір бөлігі бола алады, яғни, бүкіл отбасының жинағы бойынша табысты арттыра алады. Үш жылдық жинақ мерзімі, келісімшарт сомасының жартысы және қажетті бағалау көрсеткіші деңгейіне жеткенде, депозит иесі 18 жасқа толған соң «Балалар депозиті» 5 пайыз және одан төмен мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік береді.

Баланы мектеп бітіріп, студент атанғанда баспанамен қамтамасыз етудің тиімді жолы – ол бірінші сыныпқа барғанда атына «Балалар депозитін» ашып беру. Ай сайын депозитке 20 мың теңгеден ғана салып отырған күннің өзінде 12 жыл ішінде жиналатын ақша сомасы 3 985 326 теңгеге жетеді. Оның 2 миллион 880 мың теңгесі жинақ болса, 440 мың теңгесі банктің пайызы, 665 мың теңгесі мемлекеттік сыйақы. Одан бөлек, «Арнау» атты арнайы балалар депозиті бар. Оның шарттары бойынша 10 жыл жинақталып, тұрғын үй құнының 50 пайызы депозитке аударылса, несиені ең төменгі 2 пайызбен рәсімдеуге болады.

– Биыл «Отбасы банк» арқылы қанша жамбылдық тұрғын үй алды?

– Біздің өңір бойынша биылғы жылдың бірінші тоқсанында банктің облыстық филиалында 250-ге жуық ипотекалық несие рәсімделді. Әрине, бұл көрсеткіш күн сайын артып отырады.

– Егер банк арқылы үй алған тұрғын ипотекасын төлей алмай қалса, не істейді?

– Егер ипотекалық несие белгілі бір себептерге байланысты төленбей жатса, банкке өтініш қалдырып, несие комитетінен төлемді бөліп төлеуге немесе кейінге шегеруге өтініш жазуға болады. Қалай болғанда да банк өз салымшыларымен ортақ шешім жасаудың барлық жолдарын қарастырады.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан Қамар ҚАРАСАЕВА.
23.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9462
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10680