Отбасы сауаттылығын қалай жетілдіреміз?

Отбасы  сауаттылығын  қалай  жетілдіреміз?

Отбасын құру, ары қарай үй болып кету үлкен жұмысты талап етеді. Моральдік, психологиялық,  материалдық тұрғыда екі жас дайын болуы керек. Арнайы білім, дайындық керек. БҰҰ World Population Review  2022 жылғы деректерді жинап, Қазақстан әлем бойынша ажырасу деңгейінде екінші орында тұрғандығын жеткізді. 1000 адамға шаққандағы ажырасу коэффиценті – 4,6. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. 2020 жылы 9-орында, 2017 жылы 8-орында тұрақтаған. 2020 жылдың қаңтар мен маусым айлары аралығында 45 036 жұп некесін тіркесе,  жарты жылда олардың 12 747-сі ажырасуға шешім қабылдаған. Яғни, әрбір үшінші отбасы ажырасқан. Бұндай статистиканың бірден-бір себебі отбасы сауатсыздығы, білімсіздікке алып келіп отыр.

Отбасын құрмас бұрын арнайы мамандардан кеңес алып, бірқатар онлайн курстардан өтуге болады.  Мешіттегі имамдарға да көп сауалдардың бірі осы тақырыпта. Соңғы жылдары  елімізде аталмыш тақырыпқа байланысты бірқатар кітаптар басылған. Мысалы, Қабылбек Әліпбайұлының «Жанұясы», Ақан Мергенбайдың «Дайындықсыз үйленбе», Руслан Қамбаровтың «Үйленбей тұрып үйрен», Данияр Жігітбектің «Не үшін үйлену керек?» және т.б. Кез келген кітапхананың сөрелерінен көруге болады. Бұл еңбектерден іздеген сұрақтарыңыздың жауабын таба аласыз. Мазмұнында жанұя құрмай тұрып, қыз жігітті, жігіт қызды қалай таңдау керектігін, отбасы қалай құрылатындығын, ондағы қарым-қатынас, келіспеушіліктерді жою жолдары, ене мен келін проблемасы, қайын жұрт тіпті, ажырасқаннан кейінгі өмір туралы да жазылған. Аталмыш кітаптарды отбасын құрмаған жұптар  немесе отауласқандарына бірнеше жыл болған отбасылар  оқыса, Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикасының төмендеуіне біршама үлес қосар еді. 

Бірінші ұстаз атанған Аристотель «Отбасы – адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол –  мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» десе, 870-950 жылдары өмір сүрген екінші ұстаз атанып кеткен Әбу Насыр әл-Фараби  шығармашылығында да отбасы тақырыбы  сөз еткен. Ойшыл «Тәрбие – тал бесіктен» деген халық даналығын ұстанған әл-Фараби бала тәрбиесін неғұрлым ерте бастағанды ұтымды санаған. Себебі бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен бастау алады. Ең алғашқы дүниені түсінуі алдымен отбасында басталып, мектепте, сыртта жалғастырылады. Абай да бала тәрбиесін басты байлық санап, «кешіксең, көресің қайғы-мұң» деп баланы ерте жастан бастап тәрбиелеуді жөн көрген. Неміс ақыны Иоганн Гетенің «Жас Вертердің қайғысы» атты туындысында махаббатты дүниедегі пәк сезімге бөлеп жоғары бағалаған, ғашық болу, сүю туралы жазып, адал жар таңдау мен абзал отбасы болу туралы ақыл-кеңестерін айтқан. Ғашықтық пен құмарлықтың аражігін ажыратқан. И.Фихте  «Отбасының негізі – махаббат»  деп, Г.Гегель бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын жазған. 1884 жылы Ф.Энгельс «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» атты еңбегінде отбасыны жеке категория деп қарап, оның даму жолдарын көрсеткен. Ежелгі грек ойшылы Платон да «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» деген. Бұл қазақтың «тектіден текті туады, тексіздік тұқым қуады» деген сөзімен ұқсас. Расында, ажырасу деңгейінің бірден-бір себебі – білімсіздік. Оның алдын алу жолдарын жоғарыда атап кеттік. Мысалдар да келтірдік. 1979-1990 жылдары Ұлыбританияның премьер-министрі болған әйгілі Маргарет Хильда Тэтчерден бір журналист «Өмірдегі ең үлкен жетістігіңіз не?» деп сұрағанда, ол ойланбастан «Отбасын құрып, ана болғаным» деген екен. 

БАЛЖАН АЛЖАНОВА
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 105
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 299
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 293
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 915

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8989
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8384
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11609
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9367
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10593