Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

Отбасы – тәрбиенің  алтын діңгегі

Отбасының береке-бірлігі – әр баланың болашағына қаланған алғашқы кірпіш. Себебі халқымызда айтылғандай, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». Әр шаңырақтың татулығы мен ауызбіршілігі – елдің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Отбасындағы тәрбие – ұрпақтың өнегелі болмысының бастау көзі.

15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында «Отбасы өнегесі – Отан өнегесі» атты тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараны аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева ашып, жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, отбасының қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

Кеш барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынғали Аманов, аудандық полиция бөлімінің өкілі Құндыз Таубазаровалар сөз сөйлеп, бүгінгі отбасы институтының маңызы, татулық пен өзара түсіністіктің қадірі жайлы тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, жастар арасында кездесетін ажырасу мәселесіне тоқталып, оның алдын алу жолдары жөнінде тұщымды пікірлер айтты.

Шараға үлгілі отбасылар ретінде арнайы шақырылған Мұқашевтар мен Нұралылар әулеттері өз шаңырақтарының ұйытқысы бола білген тәжірибелерімен бөлісіп, ұл-қыз тәрбиесінде маңыз беретін құндылықтар туралы ой қозғады.

Іс-шара соңында аудан әкімі Ермек Карентаевтың атынан бұл өнегелі отбасыларға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Кеш көркін аудандық мәдениет үйінің қызметкері Медет Әлиакбаровтың аналар құрметіне арналған әсерлі әні аша түсті.

«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз» демекші, әр қазақ отбасының шаңырағы берік, керегесі кең болсын. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Ұлттың ұстанымы ұрпақ тәрбиесі екені естен шықпасын.

Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА,

Жамбыл облысы

Мойынқұм ауданы

 

23.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 287
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 283
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 297

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13358
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13334
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28448
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27132
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30634