Отбасылық саясатты нығайту қажет

Отбасылық  саясатты  нығайту қажет

Отбасы саясаты мемлекеттің барлық әлеуметтік саясатының  маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.  Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығына өзгерістер енгізілген болатын. Осыған орай    Президентіміз  2022 жылғы 1 сәуірде № 853 Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» заң қабылдаған еді. Отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша тұру орталықтары Отбасы институтын нығайту, отбасыларға кешенді қолдау шараларын көрсету мақсатында құрылады. Өмір болған соң неше түрлі жағдайлар кездеседі. Отбасының цифрлық картасы осындайда қиын жағдайға тап болған отбасыларды жедел анықтауға және оларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл да заңнамада әзірленіп,  енгізіледі.

Жалғызбасты ата-аналардың жағдайы да назардан тыс қалмады. Олардың  қашықтағы жұмыс форматына және жұмыспен қамтудың қысқартылған режиміне құқығын айқындауды көздейтін еңбек заңнамасын енгізу  жоспарлануда. Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту үшін, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін  15 орталық  ашу, ауылдық жерлерде тұратын әйелдерді және осал топтағы әйелдерді еңбек нарығында сұранысқа оқытып алу жоспарда бар.   

Сонымен қатар жастар және отбасы істері жөніндегі комитет құрылды. Қазақстанда 2013 жылдан бастап қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі  Отбасы күні деп атап өтіледі. Адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін көрсетіп, отбасы мәртебесін көтеруге  бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын өткізіледі. Бұған Қазақстанның барлық аймақтарынан  18 мыңнан астам отбасы қатысқан. Еліміздің барлық елді мекендерінде  36 дағдарыс орталығы жұмыс істейді (олардың ішінде 31-і баспанаға ие). 2006 жылдан бері  10 өңірде тек 24 орталық жұмыс жасап,  тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көмек қолын созды.   Елімізде  «Жанұя», «Бақытты отбасы» және т.б. Отбасыларды қолдау орталығы бар. Олар тұрмыстық  қиын жағдайға кез болған әрбір отбасына психологиялық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да қажетті көмектер береді. Сонымен қатар отбасы институтын дамытып, көркейтуге  кеңінен қолдау көрсетпек.

 

Ш. Биекеева
16.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15558
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15441
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30590
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 29231
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32800