«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды

«Отбасындағы   зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды

13 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және Нұр-Сұлтан қаласының құқық қорғау органдары қабылдап жатқан шараларға арналған брифинг өткізді. Брифинг аясында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» республикалық акциясы басталды.

Полиция қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022 жылғы 13-21 маусым аралығында елорда аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты акция барысында жоспарланған іс-шаралар туралы да ақпарат береді. Акцияның негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамға отбасылық құндылықтарды сіңіру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асырады. 

– Егер сізге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бір ошағы немесе сіз кездейсоқ куә болған жағдайда, полицияға уақтылы жүгіну қажеттігіне, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефонына хабарласыңыздар.    ӘЗЗҚб – сенім телефоны 71-60-63 (жұмыс күндері жұмыс уақытында жұмыс істейді). Азаматтар! Зорлық-зомбылық фактілері туралы үндемей қалмаңыз және полицияға хабарласудан қорықпаңыз!» – деді құзырлы мекеме өкілдері.

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшін 1409 нөмірі бойынша және тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сексуалдық қысым көрсету құрбандары үшін 150 нөмірі бойынша тегін заң, психологиялық консультация беру бойынша call орталықтар жұмыс істейтінін атап өткен жөн.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
16.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 519
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 520

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20840
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20624
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35754
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34275
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38154