Пара-каратэден чемпионат өтті

Пара-каратэден чемпионат өтті

Нұр-Сұлтан қаласындада «ARTSPOR TEDU» мемлекеттік реформасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар, жасөспірімдер және ересектер арасында пара-каратэден қалалық чемпионаты өтті. Чемпионаттың салтанатты ашылуынан кейін ересек және жас спортшылар өнер көрсетті. 

– Бұрын мұндай жарыстар тек денсаулығы жақсы балалар арасында өткізілетін. Қазір мүгедек балалар арасында да жиі өтеді. Жарысқа 60-қа жуық спортшы қатысты, –  дейді Пара-каратэ федерациясының президенті Мейрамгүл Дукуева.

Жарысты ҚР Пара-каратэ федерациясы, Нұр-Сұлтан қаласының WKF каратэ-до және дәстүрлі жауынгерлік өнер Федерациясы және №91 мектеп-гимназиясы ұйымдастырды. Жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Турнирге мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты. Бұл пара-каратэ чемпионаты мемлекеттік реформасы аясында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

 – «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұқаралық спорт, дене шынықтыру және балалар басымдыққа ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысы балалар мен жасөспірімдердің спорттық әлеуетін қолдаудың жаңа институтын енгізуді тапсырды. Осыған байланысты Президент Жолдауын қолдау мақсатында балалар, жастар және мүгедектіктің барлық түрлері бар ересектер қатысқан чемпионат ұйымдастырылды. Бұл мүгедектер арбасына таңылған, көрмейтін, саңырау мылқау, ақыл-ойы бұзылған және аутизм ауруы бар балалар. Чемпионаттың басты мақсаты – елордада осы спорт түрінің танымалдылығын арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысатын мықты спортшыларды анықтау»,  – деді спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев. 

Аталған чемпионат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Қазір елімізде Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жылға дейін әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету мақсатында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі бұқаралық спорт және жасөспірімдер арасында дене шынықтыруды дамытумен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектердің де спортпен шұғылдануына көптеген мүмкіндіктер ашып отыр. Қалада спорт алаңдары, спорт кешендері салынып, тұрғындардың спортпен еркін айналысуына зор мүмкіндіктер жасалған. Қаланың  барлық балалары Нұр-Сұлтан қаласында «ARTSPORTEDU» мемлекеттік бағдарламасы аясында №10, 37 және 91 мектептердің секциялары мен үйірмелерде қаржыландыру бойынша жаттығады. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған жасөспірімдер спорт мектебінде де білім алып жатыр.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8442
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11669
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9432
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10650