Парасат биігінде қалған ақын

Парасат биігінде  қалған ақын

Кеше ғана мәңгілік мекеніне аттанған Мұхтар ағаны, әлеуметтік желіде сынап, мінеп, саясаттағы ғұмыр жолы қайшылыққа толы ақын еді деп жатқандарға айтарым, адам пенде, қателеседі, сүрінеді. 

Саясат жолы - өте ауыр! 

Одан бойына кір жұқырмай шығатындар өте аз!

Мұхаң сол жолда басын бәйгеге де тіге білген тұлға! Айтарын айтып өткен ақын! 

Мемлекеттік тілдің өрісінің кеңеюіне, көркеюіне қалтқысыз қызмет еткені бөлек әңгіме!

Иә, Мұхаңның ақындығына, дәуір жүгін көтерген талантына ешкім күмән келтіре алмайды. Сөз жоқ ұлы дарын! Қайталанбас рухы мықты қазақ!

Өз басым Мұхаңмен төрт-бес рет жолығыппын!

Екі рет сұхбаттасыппын!

(Бір рет Мұхтар аға, журналистер үйіне өзі іздеп келді. Ол туралы үлкен мақала жазғам. Не үшін мені іздегені жайлы).

Сол кездесулерде байқағаным, Мұхаң өте аңғал, пейілі кіршіксіз таза, қазақы болмысын жоғалтпаған, дүниеге құнықпаған, қулығы жоқ, адамға сенгіш, өте қарапайым, кейде зілсіз әзілі бар, көңілденген кезінде сарказммен тұқыртып алатын әдеті байқалатын, тәкапарлықтан ада, бала көңіл кісі екен! Осындай ақынның мың құбылған саясатта жүргеніне таң қалатынмын!…

Мұхаңмен әңгімелесу бір ғанибет еді. Тереңнен толғайтын...

Ақын ғой кейде асқақтап та кететін! Аспандап та кететін! Алайда Мұхаңа бәрі жарасып тұратын еді-ау!

Өле өлгенше әділдікті ту етіп өткен ақын еді. 

Шындық биігінен көрінгендерге жақын еді!

Өмірде кездесетін түрлі сынақтар сындыра алмады Мұхаңды!

Пенде ғой мүжілген болар, бірақ морт етіп сынбады!

Ділін, тілін, дінін сатпады ешқашан! 

Салт-дәстүрді берік ұстанды!

Жақсы қартая білді!

Ақ өлім бұйырды!

Топырағың торқа болсын, жақсы, Аға!

Қазақ барда, оның тілі барда жырыңыз оқылады!

Қазақ барда, сіз ұмытылмайсыз ардақты Аға!

Мәңгілік өміріңіз мәнді болсын!

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

 

22.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24694
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24359
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41801
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37678
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42094