Бүгін “AMANAT” партиясы Жамбыл облыстық филиалының соңғы екі жылда атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттерін жүйелеу бағытында облыстық конференция өтті.
Конферецияға облысымыздың барлық өңірлерінен 200 ден астам дегегаттар қатысты.
Жамбыл ауданынан сайланған 18 делегат аталмыш конференция жұмысына белсенді қатысты.
Конференцияда баяндама жасаған «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов партия облыстық филиалы Саяси Кеңесінің соңғы екі жылда атқарған қызметтеріне кеңінен тоқталды.
Есеп беру сайлау конференциясы барысында бақылау-тексеру комиссиясының есебі тыңдалып, бірқатар делегаттар облыстық партия ұйымының соңғы екі жылдық жұмысын талқылап, ашық дауыс беру нәтижесінде бір ауыздан қанағаттанарлық деп таныды.
Конференция барысында Саяси кеңес қатары 68 пайызға жаңарып, жастардың үлесі 20%, әйелдердің үлесі 30% құрап отыр. Саяси Бюро кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының қатары да жаңартылды.
Ауданнан партия облыстық филиалы Саяси кеңесіне облыстық мәслихат депутаттары Б.Ералиев, Д.Ташқараев және аудандық мәслихат депутаттары Т.Әбдібеков, Э.Бегалиева сайланды.