Патшаның әйелі

Патшаның әйелі

Ілгеріде   бір   патша  қайтыс  болып   орнына  әлі  үйленбеген   баласы   патша  болады.  Баласы  Патша  болғаннан  кейін,   уәзірлер   оған   өзінің   қалаған  қызына   үйленуге  кеңес   береді.  

Сонда  Патша:  "Мен  үш  сауал  беремін,   сол  сауалдарға  дұрыс   жауап  берген  қызға   үйленемін",- дейді.

Патшаның  берген  сауалдары:

1. Машриқ  пен  Мағрибтің  арасы  қанша?

2. Жер  мен  Көктің  арасы  қанша?

3. Өтірік  пен  шынның  арасы  қанша? 

Бұл  сауалдарға  жауап  беруге  келген   қыздардың  ешқайсысы  дұрыс  жауап  бере  алмапты.    Патшаға  қызын  бермекші  болған   уәзірлердің    айтып  жіберген   жауаптары   да   дұрыс  болмапты.  

Бұл  хабарды   есіткен  бір  шопанның  қызы   сауалдарға   жауап  беруге    патшаның   сарайына  келіпті.

Қыздың  жауабы:

1-ші  сауалға:   Машриқ  пен  Мағрибтің  арасы   бір  күндік  жол.

Дәлелі:  Шығыстан  шыққан  күн   батысқа  барып  батқанша   бір  күн  уақыт   өтеді.

2-ші  сауалға:  Жер  мен  көктің  арасы  қас-қағым  сәт.

Дәлелі:  Жоғары  қарасаң  Көкті  көресің,   төмен  қарасаң   Жерді  көресің,   екеуің  арасын   көруге  қас-қағым  уақыт  кетеді.

3-сауалға:  Өтірік  пен  шынның  арасы  төрт  елі.

Дәлелі:  Көзбен  көргенің  шын,    өтірік     есіткеннен  шығады.  Көз  бен  құлақтың  арасы   төрт  елі   дейді.

Патша  сөзінде   тұрып  шопанның  қызына  үйленіпті.

Патша   кейбір   мәселелерді   уәзірлерімен   емес  әйелімен   ойласатын   болыпты.   Оны  көре  алмаған   уәзірлері   патшаға   әйелін   жамандап   екеуінің   арасына   от   сала   бастапты.  Патша  бір  күні  уәзірлеріне:   "Өтірік  пен   Шынның  арасында  бір   мық  (шеге)   бар,   сол  мық  не",-деп  сауал  беріп   мен   нөкерлеріммен  аңға  кетемін   мен   аңнан келгенше сауалдың  жауабын   таппасаңдар   бәріңді  жұмыстан  босатып   жазалаймын   дейді.  

Патша  үйіне  келіп   әйеліне:    "Мен   уәзірлеріме   осындай  сауал  қойдым.   Оны  уәзірлер   шеше  алмай      саған   келсе    жауабын  білсең де  айтпайсың.   Егер   олардың  көңілін  қимай   жауабын  айтып  берсең  онда   "қалағаныңды   аласың да  шаһардан   шығып  кетесің",-деп  қатты  тапсырып   өзі  аңға   кетеді.

Бұл  сауалды  уәзірлері     шеше  алмай  уайымға   түседі.   Патшаның  аңнан  келетін  уақыты   жақындағанда   не   істерін  білмей   патшаның  әйеліне   келіп   өздерінің  айыптарын   мойындап   жауабын  айтып  беруді   сұрап   жалынады.   Патшаның  әйелі   уәзірлерді  аяп,   олардың   көңілдерін  қимай   жауабын  айтып   береді.

Жауабы:  "Өтірік  пен  Шынның  арасындағы  мық,  ол  тіл",-дейді.   

Себебі:  Өтіріктің  де  шынның  да   айтылуы   тілге   байланысты.

Патша  аңнан  келгеннен   кейін  уәзірлері  әлгі  жауапты   айтып   береді.

Патша:   "Сендер  бұл   сауалдың   жауабын   өздерің   таптыңдарма  я  басқадан  сұрадыңдарма   шындарыңды   айтыңдар,   егер  өтірік  айтсаңдар   қатаң   жазаға   тартамын",-  деп   қорқытады.

Патшадан   қорыққан   уәзірлер:  "Әйеліңіз   шешіп  берді",- деп   шындықты  айтады.

Патша   үйіне  келіп  әйеліне:  "Уәде   бойынша   керегіңді  аласың да   шаһардан   шығып  кетесің",- дейді.

Әйелі: "Мақұл,   тақсыр   уәзірлердің   көңілін  қимай  айтқан   едім   сізге  тағам  әзірлеп қойдым  соны  бірге   отырып   тамақтанайық,   содан  кейін   қалағанымды   аламын да,   шаһардан   шығып  кетемін",- деп  өтініш  айтады.    Патша   келісіп   екеуі  бірге   тамақтанады.   Әйелі  шайға   ұйықтататын  дәрі  қосып  береді.   Патша   тамақтанып,   шай  ішіп   болғаннан   ұйқыға   кетеді.   Сол   кезде  әйелі   қызметкерлерді  шақырып  ат  арба  дайындатып,   үстіне   көрпе-төсек  салдырып   атқа  жектіріп,    үстіне   ұйықтап   жатқан   патшаны  жатқызып   өзі  арбаға   отырып   шаһардан   шығып   кетеді.

Бір  кезде   Патша   ұйқысынан   оянып   айдалада   арбаның  үстінде   келе  жатқанын   қасында   әйелінің  барын  көріп    таңырқап,   әйелінен:  "Бұл  не   жағдай?  Біз  қайда  бара жатырмыз",-деп  сұрайды.

Сонда  әйелі: "Тақсыр,     маған   уәзірлерге  сауалдың  шешуін  айтып  бергенім  үшін  керегіңді  алда   шаһардан  шығып  кет  деген   едіңіз.  Маған  керегі  сіз   сондықтан  сізді   алып   шаһардан    шығып  кеттім,  дәл   қазір   қайда  баратынымды   өзім де   білмеймін,   Алланың  маңдайға   жазғанын  көреміз де",-дейді.  Патша  әйелінің  тапқырлығына   риза   болып,   шаһарға  қайтып  келіп  бақытты  өмір   кешіпті.

Уәзірлері де   Патшаның  әйелінің  ақылдылығына   тәнті   болып,  екеуінң  арасына   от салғандарын   қойып,   Патша   елін   ұзақ  жыл   әділетті   басқарған  екен.

 

Қашанда  ері  әйеліне,  әйелі  еріне  жәрдемдессе,   Алла  оларға  рахыммен  қарайды.

                          Хадистен

 

Әйелдің  жақсысы--ерінің  көзін  қуантатыны,   әміріне  бойұсынатыны  және  ол  жақтырған  нәрсені  жақтырып,   жақтырмайтын  нәрсені  жақтырмайтыны.

                           Хадистен

 

Күйеуі  разы  болған  мұсылман  әйел  дүние  салса,  Жәннаттық  болады.

                 Тирмизи

 

"Ерлі  зайыптылардың  бір-бірілеріне  жақсылық  және  құрмет  көрсеткен  кездерінде  Алла  Тағала  оларға  мол  ризық  береді  және  оларды  қамқорлығына  алады"

                     И.  Асакир

 

Жақсы  еркектің  атын   жақсы  әйел  шығарады.

                    Рашид  әд-дин

 

Әйелің  жақсы  болса:

Бірінші--иманың,

Екінші--жиғаның,

Үшінші--ырысыңның  тұрағы.

                            Төле  би

 

Жаман  әйел--жігіттің

Тайдырады  табанын,

Тар  қылады  заманын.

Жақсы  әйел--жігіттің

Жақсы  қылар жаманын,

Ұшқыр  қылар  шабанын.

  Майлықожа  Сұлтанқожаұлы

 

Асыл  болса  алған  жар--ханым  емей  немене,

Жайлы  болса  мінезі--жаның  емей  немене.

             ( Би-шешендер)

 

Жақсы  әйел--ері  ұялар  іс  қылмайды.

                 Абай  Құнанбаев

 

Қазақ  әйелін  "жан  жолдасым"  дейді.  Бұл  үлкен  сөз  ғой.  Жаны  мен  жаны  үндес,  ойы  арманы  үйлес,  егіз  адамбыз  дегені  ғой.

                  Ғ.  Мүсірепов

 

Адамның  жан  жолдасы--сүйген  жары.

         Жанақ  Сағындықұлы

 

Жақсы  әйел-жаман  еркектің  басын  төрге  сүйрейді,

Жаман  әйел  жақсы  еркектің  басын  көрге  сүйрейді.

                               

Ердің  жақсысы,

Елімен  ойласады.

Әйелдің  жақсысы,

Ерімен  ойласады.

 

Жақсы   әйел   жарының  жақсылығын  асырар,    жамандығын  жасырар.

 

Жақсы  болса,  алғаның,

Ұйіңнен  кісі  кетпейді.

Жаман  болса,  алғаның,

Шын  досың  да  шеттейді.

 

Жақсы  әйел--теңі  жоқ  жолдас,   түбі  жоқ  сырлас.

 

Жақсы  әйел--жігітке  біткен бақ.

21.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 93
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 147
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 32
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 96
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 94
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 147
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 191
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 196
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 182
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 193
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 198
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 192

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11306
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10240
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13486
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12440
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17448