Павлодарлық диқандар мол өнім алды

Павлодарлық диқандар мол өнім алды

Биыл павлодарлық диқандар рекордтарға өзгеріс енгізбекші. Аймағымызда соңғы 30 жылда алғаш рет 1 миллион тоннадан астам дәнді дақылдар қамбаға түседі деп күтілуде. Биыл 600 мың тонна картоп жиналып, тағы бір рекорд орнатылғанын ескерсек, өңірдің егін шаруашылығы саласының дамуын оң бағалауға негіз бар.

Әрине, еңбек – шаруанікі. Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін пайдалана білген шаруалар кәсібін дөңгелетіп, сәйкесінше өңір экономикасының алға жылжуына зор үлес қосуда. Жақында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ертіс және Тереңкөл аудандарындағы ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерінің жұмысымен танысып, оң нәтижелер үшін алғысын білдірді. Ертіс ауданындағы үздік шаруашылықтардың бірі – «Три К». Шаруа қожалығынығ басшысы Оразалы Атимов суармалы алқаптың көлемі 631,4 гектарға жеткенін айтады. Биыл алқаптың 250,4 гектарына жүгері, 381 гектарына күнбағыс отырғызылыпты. Жақын күндері майлы дақылдарды жинауға кіріспек. Қазірдің өзінде жай алқаппен салыстырғанда 4 есе артық өнім алуға болатынын болжап отыр.

– Жай алқапта өскен жүгерінің 1 гектарынан 153 мың теңге пайда табуға болатын болса, суармалы алқапта 470 мың теңге табыс түседі. Айырмашылық жер мен көктей. Биыл 400 гектарға зығыр ектік. Әр гектардан шамамен 1 тонна өнім жиналады. Нарықтағы бағасы – 320-340 мың теңге (1 тоннасы). Майлы дақылдарды өсірудің машақаты көп болғанымен, бағасы қымбат. Табыс табудың бірден-бір жолы  осы. Соңғы 5 жылда техника паркін толығымен жаңарттым. Майлы дақылдар дұрыс кептірілуі керек. Бұл ретте 2 кептіргіш қондырғысын іске қостым. Бүгінде сыйымдылығы 1 мың тоннаны құрайтын көкөніс қоймасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек 2 мың гектар суармалы алқапты іске қосуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жалпы баптап күте білсең, әр жердің берекесі бар. Мәселен биыл маусым айында тұрғындарға да, төрт түлікке де пайдасы жоқ деген азғантай ғана жайылым жерден 350 миллион теңгенің өнімін алдық. Ертіс өзені дәл жанымызда ағып тұр. Оны тиімді пайдаланып, суармалы алқапты дамыту жоспарда бар, – дейді О.Атимов. Суармалы алқапты іске қосуға «Оразбаев» шаруашылығы да ниетті. Бүгінде бұнда 280 гектар жерді суландыру үшін 3,2 км су құбыры төселіп, 5,2 шақырым электр желілері тартылған. Жыл соңына дейін сорғы станциясы пайда болып, келесі жылдың көктемінде жоба сәтті жүзеге асады деп күтілуде. Сөйтіп, мал азығы сапасын жақсартып, 620 басқа арналған тауарлы сүт фермасын іске қосу жоспарда бар. Бұдан кейін аймақ басшысы жергілікті ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері басшыларымен кездесті. Диқандар суармалы алқапты дамытуға қолдау көрсетуді сұрады. Әбілқайыр Сқақов әр ауданда суармалы алқапты қосудың картасы әзірленіп, бұл іске ғылыми тұрғыдан қарау керектігін айтты.

– Аймағымызда Ертіс өзенінің суын 9 аудан кәдеге жарата алады. Яғни суармалы алқапты дамытуға мүмкіндік мол. Өзеннен шалғай орналасқан шаруашылықтарға жасанды су арнасын іске қосқан тиімді шығар. Сол себепті әр жобаны жіті зерттеп, ғылыми негіздерге сүйенген абзал. Суармалы алқапты дамыту бір бөлек, бізде қайта өңдеу саласы ақсап тұрғаны жасырын емес. Қазір әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ауылшаруашылығы саласының дамуы қайта өңдеу бағытындағы жұмыстарымен өлшенеді. Шаруаларды қолдау жалғаса береді. Десе де алдағы уақытта қайта өңдеу бағытында еңбектеніп жүргендерге басымдық берілетінін естен шығармаған жөн, – деді облыс әкімі.

Жем-шөпке субсидия бар

Тереңкөлдік шаруалар да жиын-терім жұмыстарын ойдағыдай аяқтауға жақын. Майлы дақылдарды жинау кезек күтіп тұр. Айтпақшы, еліміздегі қарақұмық алқабының 54 пайызы Павлодар облысына тиесілі. Биыл павлодарлықтар орташа есеппен гектарынан 8,1 центнер өнім жинағанның өзінде 43 мың тонна қарақұмыққа қарық болады деп күтілуде. Оны өсірумен «Құндыз» шаруа қожалығының басшысы Игорь Щербак мықтап айналысуда.

– Қарақұмықтың «Девятка» сортын егеміз. Қайта өңдеумен айналысатын кәсіпкерлер қуана-қуана талап алады. Биыл аталған дақыл 1,2 мың гектарға тамыр тартты. Шауып та үлгердік. Кепкенше егіс алқабында жатады. Әр гектарынан 8-10 центнер өнім береді деп болжап отырмыз, – дейді И.Щербак. Аталған шаруашылықтың картоп сақтау қоймасында болған Әбілқайыр Сқақов «екінші нанның» сапалы екеніне көз жеткізді. Бұнда әрқайсысының сыйымдылығы 2 мың тонналық заманауи қондырғылармен жабдықталған 4 қойма бар екен. Тереңкөлдік шаруашылықтармен кездескен аймақ басшысы өсімдік шаруашылығымен қатар, мал шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алу керектігін айтты. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық қолдау қарастырылған.

– Биыл шағын фермерліктер мен шаруа қожалықтары алғаш рет мал азығына субсидия алады. Жалпы сомасы 500 млн теңгенің субсидиясына мыңға жуық шаруашылық ие болады. Оларға ірі қара малдың бір басы үшін 10 мың теңге, бір қой үшін 3 мың теңге беріледі. Шаруалардың азыққа жұмсайтын шығындары орташа есеппен 30 процентке төмендейді. Осылайша,АӨК есебінен өңірлік экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларымыз жүйелі іске асуда. Екі жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі жалпы өнім көлемі 255 млрд теңгеден 350 млрд теңгеге дейін артты. Өсім барлық бағыттар бойынша байқалады, – деді Ә.Сқақов. Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Өтешов суармалы алқапты дамыту жұмыстары жалғасын табатынына сендірді. Бүгінде өңірде оның көлемі 132 мың гектарды құраса, алдағы 5 жылда 225 мың гектарға жетеді деп күтілуде.

Оралхан ҚОЖАНОВ, Ертіс және Тереңкөл аудандары
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 99
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 109
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 568
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 515

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9218
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8614
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11840
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9610
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10823