Поэзия

Поэзия

Садықова Ажар Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. М. Мәметова атындағы педагогикалық колледжін, Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық университеттің қазақ тілі және әдебиеті бөлімін бітірген. «Жыр жауһарлары» ақындардың Республикалық жыр жинағына өлеңдері енген. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 143 мектепте ұстаздық қызмет етуде.

Сүйіктім!
Қызғаныштан өкпелеме, сүйіктім,
Мендік сезім биігі ғой биіктің.
Кекілімді сипап алақаныңмен,
Теңеп жүрсің лағына киіктің.

Ыстық құшақ, жүрегіңмен арбасаң,
Ғұмырыңа серігің боп жалғасам.
Саусақтарым әлсіз ғана дірілдер,
Мені шексіз сүйгеніңді ойласам.

Ақ Жайықтың толқынындай сезімің,
Баһадүрдің төзіміндей төзімің.
Ары таза ғашықтармыз екеуміз,
Жалғасымыз Қозы-Баян көзінің.

…Жаңа күннің ашып жаңа парағын,
Айлы түнді елжіретіп қарадың
Оттай ыстық жанарыңның шоғынан,
Ұяламын…бірақ еріп барамын.

Ақ шағала
Ымырт түсіп, кеш қарайған шамада,
Ұшып келді , сыңары жоқ шағала.
Мен де ұзақ күткен едім біреуді,
Ақ сезімін қалдырған сол жағада.

Ұғынамын жанарыңнан тамса мұң,
Мен де өзіңдей әлдекімді аңсадым.
Тіршіліктен көріп келем тауқымет,
Құс боп ұшып кетсем бе екен, шаршадым.

Кім біледі, өтер әлі қанша күн,
Жолаушылар келер мұнда қанша мың.
Көк теңіздің күзетшісі сен болсаң,
Торға түскен байлаудағы ханшамын.

Кімдер жеткен дейсің бақтың түбіне,
Күле жүріп кетем жиі түңіле.
…Ақ шағала, сырласым да, досым бол,
Мұңдасуға келіп тұрам күніге.
…Жарай ма?

Жұпар исіңді сағындым
Тағы ұйқысыз қарсы алдым қыс таңын,
Қу сағыныш аямай тұр қыспағын.
Ең соңғы күз, сағым болып анашым,
Әуенімен кеткен еді құстардың.

Содан бері…
Содан бері күлкі азайды жүзімнен,
Қаншама күз, жапырақтар үзілген
Анам шашын жуған бұлақ тартылып,
Теректер де азайыпты тізілген.

Жұпар исін анашымның сезгім кеп,
Анам жүрген саябақты кездім көп.
Сағым болған сағынышым мәңгілік,
Шақырады сары белге кеп жүр деп.

Көкірегімде үнсіздігім сыңсиды,
Анашымдай мені сірә кім сүйді?.
Жүректегі жанартаудай жырларым,
Ақ дәптерге құлап барып тыншиды.

Білем сенсіз әлі талай таң атпақ,
Ақ шәлісін ауыстырар тал аппақ.
Нұр бейнесін көргім келіп сан мәрте,
Суреттерін отырармын парақтап.

Жүрсемдағы сыр берместен күнімен,
Дөңбекшимін сағым оймен түнімен,
Өзің жатқан сонау биік қыратқа,
Әлі талай көктем келер гүлімен,.
Қайран АНАМ, сағыныппын шынымен.

Садықова Ажар
26.07.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 128
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 127
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 643
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 761
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 675
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 686

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8822
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8220
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11447
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9202
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10431