Поэзия

Поэзия

Жігер Асқар, Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Ə.Тəжібаев ауылында дүниеге келген. Абай атындағы қазақ ұлттық гуманитарлық университетінің Спорт жəне НВП факультетінде білім алған. «Гүлсезім» атты өлең жинағының авторы. Белгілі ақын Бижамал Тұрсынқызының шəкірті. Бірнеше жыр мүшайраның жүлдегері.

Әке, сенің туған күнің
Тағдырыма өкпелеймін несіне,
Туған жердің табан бастым төсіне.
Жанарымнан өксік толы жас шығып,
Əке, сені алдым бүгін есіме.

Қай жерлерден кеттім екен жаңылып?
Құрғыр дертім қояр емес қағынып.
Ертең сенің туған күнің, әкешім,
Мен жатырмын тар төсекке таңылып.

Адаммен бір, аурумен бір алысып,
Кірпігімде кеше, қазір тағы шық.
Сені алған аяқтың сол əуресі,
Маған да жүр, тас кенедей жабысып.

Мына ғұмыр аз екенін ұғамын,
Аз ғұмырда мен несіне бұғамын.
Сенің туған күніңде әке жұлдыздай,
Жану үшін сахнаға шығамын.

Жырларымның отын жағам лаулатып,
Кеуделерді ысытып та, жауратып.
Ертең сені өлеңіммен қуантып,
Қабіріңнен тұрғызам бір аунатып.
Қабағыма қарап бəрін ұғатын,
Қымбат жан жоқ жаным маған сендей дəл.

 

Əке….
Қымбат жан жоқ өзіңдей
Тасығаннан сəттерім көп жасыған,
Жарығым-ау, несін оның жасырам.
Көңіл түсіп, құлазыған кезімде,
Қайраттану үшін саған асығам.
Алып-ұшып аямайсың барыңды,
Сен өтінсең, берер едім жанымды.
Құс қанаты құшағыңда еркелеп,
Жанарыңнан күш аламын жалынды.
Ер жігіттің ұнатқансың алыбын,
Дос- дұшпанның көзі сенде бəрінің.
Ақын деген ақымақ қой бір жүрген,
Өкпелетіп алсам, кешір, Жарығым!
Қашан келсем көрсетесің оң дидар,
Жылы сөзің жан жарамды емдейді əр.

Қоштасуды ойласам

Ақыл – есі болмайды рас ғашықтың,
Сізді қайдам, ал мен сізге ғашықпын.
Ең соңғы рет кездессем деп кеш бата,
Ауылымнан қала жаққа асықтым.

Жүрегімнен шығар талай наздап əн,
Сізге бұрын бұлай өлең жазбағам.
Өзіңізбен өткізсем де мың сағат,
Бір минуттай соның өзі аз маған.

Жүз шақырым жолдың естіп көлемін,
Қара жолды артқа тастап келемін.
Ертең сізді көремін бе, білмеймін,
Білетінім бүгін сізді көремін.

Шиелімде болар екен той қашан?,
Күрсіністер оралады ойға сан.
Маза қашып мұңға батып кетемін,
Ертең сізбен қоштасуды ойласам.

 

Сен ойымнан кетпейсің
Сен ойымнан кетпейсің бір сәтке де,
Жүрегіме мәңгілік кіріп алдың.
Сонша ыстық білмеймін бұл сәт неге?,
Түсініп сезімімді ұғынар кім?.

Сеземін, сезінесің сезімімді,
Сүйесің сенде мені жүрегіңмен.
Тауыса берме, жаным төзімімді,
Құшып, сүйгім келеді гүл ерніңнен.

Айға қарап отырсам ішіндегі,
Қыз сөйлейді тілінде өздерінің,
Сен сол сұлу арусың түсімдегі,
Тереңіне батқанмын көздеріңнің,

Махаббаттан көргенмін тауқыметті,
Көңілімді отырмын жайландырып.
Тәңірім сені маған тарту етті,
Қиялымды өңіме айналдырып.

Жігер Асқар
27.07.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 130
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 129
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 645
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 763
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 677
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 688

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8824
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8222
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11449
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9205
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10433