ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ОТАНШЫЛДЫҒЫ НӨЛГЕ ТЕҢ

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ОТАНШЫЛДЫҒЫ НӨЛГЕ ТЕҢ

«Алматыда Италия азаматын әуежайдан қонақүйге 45 мың теңгеге апарған таксист ұсталды» деп жазыпты HALYQ-UNI.KZ сайты. Иә ол сайт қой, болған оқиғаны жазды. Ал таксишіні ұстаған «Көліктегі полиция департаменті» бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуынша, Италиядан ұшып келген әйел Алматы әуежайынан Бөгенбай көшесіндегі қонақүйге апарғаны үшін таксишіге 45 000 теңге төлепті, кейін ол есін жиған соң, «қонақүйге қымбат бағамен алып келді» деп таксишіге шара қолдану керектігі жайында тиісті жерге арызданады. Мүмкін оған біреу ақыл айтқан болар. Көп ұзамай, «жедел іздестіру шаралары нәтижесінде» /олардың жазуынша/ Көлік полициясы италиялық әйелді қонақүйге 45 мың теңгеге жеткізген алматылық таксишінің кім екенін анықтайды. Ол Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны болып шығыпты. Оған «Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 449-бабы 1-бөлігі бойынша» шара қолданылады. Бұны Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов өз аузымен айтып отыр. 

Қазір біз нарық заманында өмір сүрудеміз. Нарық деген – капитал. Капитал билейді. Италиялық қатын қазақстандық таксишімен өзара келісті, ал  таксиші оны көздеген жеріне адастырмай жеткізді. Келісім орындалды. Енді не керек?

Мен «Көлік полициясының» бұнысы артық, тіпті өрескел деп есептеймін. Аталған бапты оқыдым, ол бап тым сырғанақ, нақты емес.

Өзіміз шетелде жүргенде ешкімге шағымдануды ойламаппыз. Шағымдансақ та, бізге ешкім жәрдем бермес еді. Мысалы, Вашингтонда (2011 жылы) бізді бір таксиші Ақ үйге 500 долларға (курс 185 тг еді /92 500 мың тг/) апарды /бензин бағасы АҚШ пен Қазақстанда қарайлас/. Қарап отырдым, сағатына 80 шақырым жылдамдықпен 15 минөт жол жүрді. Демек 20 шақырым деген сөз. Ал Алматы әуежайы мен Бөгенбей батыр көшесіндегі қонақүйге дейін, жаңылыспасам, 30 шақырым болады /Көк базардан әуежайға дейін 25 шақырым/. Сонша қашықтыққа жеткізіп салу қызметін 45 000 мың теңгеге (100 долларға жетпейді) бағаласа, онда тұрған не бар? Ал алыпты 45 мың теңгені. Соны көре қалдыңдар ма? Әне бір жылы ЭКСПО ашылғанда да осыған ұқсас оқиға болған. Бір шетелдікті сәл артық ақшаға апардың деп қазақ таксишіні әбден әурелеген. 

Қай елде де, шетелдікке такси арзан болмаған. Алысқа ұзамай-ақ, мынау тұрған Бішкектің өзінде қырғыздың көлікшілері тілі бір қазаққа қымбат бағаны айтып тұрады. 

2000-2001 жылдары «Ана тілі» газеті қиын жағдайға ұшырап, жабылып қалу қаупі төнген кезде, мен жеке көлігіммен таксишілік етуге мәжбүр болғанмын. Сонда көргенмін таксишінің жұмысы қаншалықты қиын, тіпті алдау-арбауға, қауіп-қатерге толы екенін. 

Мен осы оқиғаға байланысты «Көліктегі полиция департаментіндегі» басшылардың отаншылдық сезімдері «нөл» деп бағалаймын. Италиялық қатынды «нарық заңына байланысты өзге такси ұстауға құқыңыз бар еді» деп сыпайылап шығарып салуына болатын еді ғой. Бірақ ондай ақыл біздің жігіттердің басына келмепті. Қайдан келсін!  

Нұрлыбек Саматұлы
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 171
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 387
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 352
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 969

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9047
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8443
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11670
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9434
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10651