Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Алматы және Жетісу облыстарында вегетация кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңестер өткізілді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Алматы және Жетісу облыстарында вегетация кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңестер өткізілді
Жиындарға жергілікті атқарушы органдар мен шаруа қожалықтарының өкілдері қатысып, суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету шаралары, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жобалары, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру және судың «қара нарығымен» күрес мәселелері талқыланды.
Су ресурстарының болжамды көлемін ескере отырып, Жетісу облысы үшін 2026 жылға ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған су пайдалану лимиті 1,877 млрд текше метр болып белгіленді. Оның 1,837 млрд текше метрі суармалы егіншілікке бағытталады.
Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша шаралар қарастырылған. Биылға арналған нысаналы көрсеткіштерге сәйкес, өңірдегі күріш егістігінің жалпы көлемі 5,8 мың гектардан аспауы тиіс.
Белгіленген лимиттердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында суармалы суды пайдалану қағидалары бекітілді. Бұл қағидаларға сәйкес, белгіленген үлестік нормадан артық су пайдаланған, өсірілетін дақылды өз бетінше ауыстырған немесе тиісті келісімшартсыз су алған жағдайда тарифтер ұлғайтылады.
Сонымен қатар министрлігіміз Бас прокуратурамен бірлесіп судың «қара нарығымен» күрес жөніндегі жол картасын әзірледі. Құжат аясында республикалық және өңірлік деңгейде ведомствоаралық жұмыс топтары құрылады. Жол картасында цифрлық мониторинг құралдарын енгізу, тексерістер мен рейдтер ұйымдастыру, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен су шаруашылығы ұйымдары жасаған құқықбұзушылықтарды анықтау және алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қарастырылған.
2030 жылға дейін Қазақстандағы суармалы жерлердің 1,3 млн гектарын су үнемдеу жүйелерімен қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатқа жету үшін 2026-2028 жылдары мемлекет су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға және суармалы судың құнын субсидиялауға алдыңғы үш жылмен салыстырғанда 4 есе көп қаражат бөледі.
Суармалы суды ашық әрі әділ бөлуді қамтамасыз ету үшін пилоттық режимде биллинг жүйесі енгізіліп жатыр. Платформа арқылы су беру қызметі бойынша тұтынушылар мен «Қазсушар» РМК арасындағы өтінім беру, келісімшарт жасасу және есеп айырысу процестері цифрландырылды. Фермерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы Алматы және Жетісу облыстарын қоса алғанда, оңтүстік өңірлерде бірқатар кездесу өткізді.
31.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22957
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22707
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38684
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36248
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40333