Президент ел жастарын ғылымға ұмтылуға үндеді

Президент ел жастарын ғылымға ұмтылуға үндеді

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында қазіргі жастардың патриотизмді түсіну ерекшелігіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бүгінгі ұрпақ елге деген сүйіспеншілікті жаңа идеяларды жүзеге асырумен, тың бастамалар көтерумен және ғылымға ұмтылумен байланыстырады.

«Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдықты басқаша түсінеді. Жастардың басым бөлігі әсіреұлтшылдықты да, әсіредіншілдікті де қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Бұған қоса «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңа іс бастау» деп ойлайды. Жастар Қазақстанды дамыған, өркендеген мемлекет ретінде көруге ұмтылады», деді Президент Жолдауда.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жас буынның бойындағы патриотизмнің астарынан елдің жарқын болашағына қарай қадам басқан шынайы ұмтылысты көретінін жасырмады.

«Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен жастардың күш-жігеріне, дарыны мен біліміне сенемін. Біз қолға алып жатқан барлық ауқымды жұмыс – олардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр», деді Тоқаев.

Президент жастардың ғылым мен білімге ұмтылысын қолдау қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы жастардың ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттырудың маңызын ерекше айтты. Ол жаңа дәуірде жасанды интеллекттің рөлі айрықша екеніне тоқталып, осы бағытта ізденістің қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ Президент Абайдың «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген даналық сөзін мысалға келтірді.

«Өркениетті әрі озық елдің заңы әділ, билігі білікті, азаматтары саналы және белсенді болуға тиіс. Мемлекеттік деңгейде қабылданған әрбір шешім халықтың тұрмысын жақсарту, экономиканы тұрақтандыру, әлеуметтік әділдік орнату үшін жасалған іспен өлшенеді. Сонда ғана біз жаңа тұрпатты, мықты ел боламыз», деді Президент өз Жолдауында.

Осы ретте Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өңірлермен жұмыс істеу бөлімінің бас сарапшысы Данара Саранованы сөзге тартып, пікірін білдік.

Оның айтуынша, Президент жастарды ел дамуының стратегиялық күші ретінде атап өткен.

Яғни Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жастар «қолдауға мұқтаж топ» емес, мемлекеттің тұрақты дамуына серпін беретін стратегиялық ресурс ретінде бағаланған.

«Мемлекет басшысы «Сондықтан біз білімге талпынған, еліміздің өркендеуін ойлайтын жастарды әрқашан қолдайтын боламыз, атқарып жатқан ауқымды істердің барлығы да өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін», деп ерекше атап өтті, – дейді ҚСЗИ бас сарапшысы.

Оның айтуынша, соңғы уақытта елімізде жастар саясаты институционалдық деңгейде қалыптасып келеді. Егер бұрын бұл салада жеке бастамалар мен жекелеген жобалар басымдыққа ие болса, бүгінде нақты нәтижелер мен өлшенетін көрсеткіштерге негізделген кешенді және тұрақты саясат жүзеге асуда.

«Біріншіден, білімге қолжетімділік артуда. 2024–2025 оқу жылында мемлекет бакалавриатқа шамамен 79 мың, магистратураға 13 мыңнан астам, докторантураға 2 мыңға жуық грант бөлді. Ал 2025–2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант қарастырылған, оның 60%-ы техникалық және инженерлік мамандықтарға бағытталған», дейді сарапшы Д.Саранова.

Сағадат Бақытбек

Фото: Еgemen.kz

06.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 671
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 835
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 813

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19596
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19407
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34531
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33094
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36915