Президент мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысты

Президент мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары аясында Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Президентке жобаның төлқұжаты таныстырылып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрсетілді. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Үш автокөлік маркасының әрқайсысы үшін дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады.

Зауыт іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 90 мыңнан астам көлік шығаруға жетеді. Инвестицияның жалпы құны 100 миллиард теңгеден асады. «Astana motors»  компаниясы 2200-ге жуық жұмыс орнын ашады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жобамен танысқан соң зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті.

– Бұл жоба елімізге өте қажет. Сондықтан тәуекел дейміз. Зауыттың жұмысына сәттілік тілеймін. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мырза биыл Қазақстанға келген кезінде келіссөз жүргіздік. Соның ішінде осы жоба туралы да әңгімелестік. Нәтижесінде, міне, бұл жоба іске асырыла бастады. Құтты болсын! – деді Президент.

akorda.kz
16.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Зерделеу
Мойынқұм Ауданы - 09.12.2023 31
ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Сарысу ауданы әкімдігі - 09.12.2023 33
Арзан жәрмеңкеге асық
Тараз қаласының әкімдігі - 09.12.2023 34
🔰Қалада қар тазалау жұмыстары қарқынды
Тараз қаласының әкімдігі - 09.12.2023 32
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 09.12.2023 34
ОНОМАСТИКА ОТЫРЫСЫ
Жуалы ауданы әкімдігі - 09.12.2023 20
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1816

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4383
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3970
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 4139
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 4061
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 4137