Президент сөзден іске көше ме?

Президент сөзден іске көше ме?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында ащы шындықты бүкпесіз айтып, қатты шамырқанды. Ол әсіресе шетелдік олигарх Лакшми Миттал мен отандық Александр Клебановқа қатты шүйлікті. Бұған олигархтардың іс-әрекеттері түрткі болғаны анық. Біріншісіне қарасты кеніштерде адам өлімі жиілесе, екіншісі Екібастұз бен Петропавлдың мұз құрсауында қалуына тікелей кінәлі тұлға. «Президент сөзден іске көше ме?» – деген сауалға отандық сарапшылар өз пікірлерін білдірді. 

Сайын БОРБАСОВСолардың бірі, саясаттанушы Сайын Борбасов: «Президент осы уақытқа дейін олигополияны еліміздегі жағымсыз құбылыс ретінде бағалап келді. Қазір нақты адамдардың атын атауы – нақты шараларға көшеді деген сөз. Олигархтарды тәубеге келтіріп, заңсыз әрекеттерін тыюға ұмтылады. Өйткені халық оған 7 жылға карт-бланш берді. Мәселен, Назарбаевтың өте жақын адамы болған Александр Клебанов жоғарыда аттары аталған қалаларда тек ақша жинаумен айналысқан. Ешқандай модернизация жасамаған, жөндеу жұмыстарын жүргізбеген. Соның кесірінен 150 мыңдық қала қыстың көзі қырауда қатып қалды. Осының бәрі олигархтарды есіртіп, ойына келгенін істеуге жол берген бұрынғы Назарбаевтың жүйесі. 

Самат Нұртаза: қазақтың тойы қандай болуға тиісті?Саясаттанушы Самат Нұртаза:  «Президент билікке келген күннен бастап, ашық саясат ұстанатынын көрсетті. Президент – халықтың жалдаған менеджері. Оның жұмысы – халықтың көңілінен шығу. Президенттің мәлімдемелері – халықтың сөзі. Президент өз жұмысын дәл осы бағытта әрі қарай жасай береді деп ойлаймын. Біріншіден, оның бастамасымен елде  «Қазақстан халқына» деген қор ашылды. Екіншіден, байлыққа салық салынатыны жөнінде айтты. Мұны еуропалық стандарт бойынша енгізетін болды. Өйткені ол БҰҰ-да екінші адам болып, Женевада ұзақ тұрды ғой. Десе де, олигархтардың меншігін мемлекетке өткізудің түйткілді жақтары да барын ескерген жөн сияқты. Олигархтар да әртүрлі. 90-жылдары заңсыз байығандары да, еңбегімен байығандары да бар. Бұл жерде құзырлы органдар тексеруі тиіс. Технология дамыған заман. Барлық деректер мұрағатта тұр. Олигархтар Қазақстанның халқының, қазба байлығының арқасында байығаннан кейін отыз жылда бір рақметін айтуы тиіс. Ел пайдасы үшін байлығының белгілі бір пайызын елге қайтаруы керек деп ойлаймын», – дейді. 

Магбат Спанов: Инициатива президента о досрочных выборах – оправданный шаг  - новости Kapital.kzАл, экономист Мағбат Спанов: «Президент айтқан мұнайдан түскен ұлттық қорға келсек, бірер жылдың ішінде 2 есе көтеру фантастика болып көрінеді. 2,5 және 3,5 миллион жұмыс орнын ашу туралы да осыны айтуға болады. Үш жылдың ішінде энергетика саласында үлкен өзгеріс жасап, құбырлар салу да күмәнді. Өйткені, бұл – отыз жыл бойы жасай алмаған іс. Мұның өзі нақты жұмыс жоспары жоқ екенін көрсетеді. Бұл үшін қаржы ресурстары, кадр, нақты жоспар керек. Бәрін кім атқарып шығады? Ол жағы әлі белгісіз. Үкіметтің бірнеше айдан кейін отставкаға кетіп, оның орнына жаңа үкімет пен жаңа премьер келетінін де естен шығармаған жөн. Сондықтан, бұл міндеттердің бәрі қазіргі емес,  келесі үкіметтің еншісіне тигелі отыр. Өз басым, олигархтар еншісін бас салып жаппай мемлекет меншігіне алуға қарсымын. Мұны басымыздан өткергенбіз. Оның үстіне, мемлекетте инвестиция жасайтындай қомақты қаржы жоқ. Ендеше, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті әрмен қарай дамыту абзал. Бірақ «Форбс» тізімінде тұрған, энергетикалық қуаттарға иелік ететін тұлғаларды  үкіметпен бірігіп, инвестициялық жоспар құрып, қанша қаржы салу керектігін, мемлекеттің қандай жеңілдік жасайтынын айқындауға, яғни Қазақстанның экономикасына жұмыс істеуіне мәжбүрлеу керек», – деген пікірде. 

Өз пікіріме келсем, осы жолы Президент әлеуметтік-экономикалық салаға ерекше назар аударды. Оның сөйлеген сөзінде өмірдің боямасыз болмысы, шырқыраған шындығы бар. Мәселен, ол: «Жұртшылық Үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына қатысты арыз-шағым айтуда. Халықтың сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде», –  деді. Бұл ащы шындық экономикаға тікелей жауап беретін үкіметке қаратып айтылған сөз екені түсінікті болса керек. 

Сосын, президент өзінің үкімет жұмысына көңілі толмайтынын Бас уәзірге қаратып қойған сұрағымен-ақ  анық сездіргендей болды. Мұндай қатал сыннан кейін түсінген адам өз еркімен отставкаға кететін-ақ шығар деп ойлаймын.  Президент жылу беру нысандарын жаңартуда «Инвестицияға айырбас тариф» бағдарламасы қолға алынатыны туралы айтты. Осы жерде түсініксіздеуі:  «Бұл жұмыстар тарифтерді көтеру арқылы жүзеге аса ма, болмаса,  пайдаға кенелген қожайындарға тағы да халық жәрдемесе ме?» – деген сауалдың жауабы.  

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ұлттық банкке алдағы 7 жылда Ұлттық қорды 100 миллиард долларға жеткізу міндетін жүктегенін айтты. Ұлттық қор негізінен мұнайдан түскен табыстан құралатыны, оның бағасы болса ойнап тұрғанын әрі Үкіметтің жыл сайын бюджет дефицитін дәл осы Ұлттық қор есебінен толтыруға дәнігіп алғанын ескерсек, 100 миллиард доллар дегеніңіз қияли-арман сияқты көрінетіні рас. Президент экономиканы кредиттеу мен халықтың көп несие алуына тосқауыл қою керектігін айтты. Бұл міндетті орындаудың ең тиімді жолы  жаңа жұмыс орындарын ашып, жалақыны көбейту болар еді. Бірақ, шынайы өмірде бәрі керісінше болатынына етіміз үйреніп кеткендіктен бе, бұған да күмәнмен қарауға тура келетіндей.   Ауылды дамыту туралы премьердің мәлімдемесіне де күмәнмен қараған жөн сияқты, өйткені бізде ауылға бөлінген қаржы оған жетпей, орта жолда талан-таражға түсіп кетеді ғой. Қалай десек те, сірескен мұз еріп, сең қозғалғандай болды. Енді тек алған беттен таймай, қолға алған істі аяғына дейін жеткізу керек сынды. Меніңше, бұған Президенттің мүмкіндігі де, қарым-қабілеті де, білім мен біліктілігі де, халық сенім білдіріп берген уақыт та жеткілікті болар деп ойлаймын.   

 

Ермек Сахариев
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 326
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 949

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9024
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8420
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11648
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9404
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10630