Президент халықтан кешірім сұрасын

Президент халықтан кешірім сұрасын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мешітке арнайы барып құрбандық шалуы – үлкен сауапты іс. Ниет дұғаларың қабыл болсын, айналайындар. Қапияда оққа ұшқан жазықсыз жандардың да рухы шат болсын! Қате-кемшілігі, күнәсі болса, Алладан кешу тілейік! Сұрақ-жауабын өзі берер! Мұсылманға сол лайық! https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2015047812007935&id=100005082063852
Ел президенті халқына көңіл айтты, «Ештен кеш» үндеу жасады. «Ардақты ағайын! Биылғы жыл еліміз үшін қайғылы оқиғадан басталды. Халқымыз өте қиын сынақты бастан өткерді. Мемлекетіміздің тұтастығына, азаматтарымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің болашағына қауіп төнді. Біз лаңкестерге дер кезінде тойтарыс беріп, бетін қайтардық. Өкінішке қарай, дүрбелеңде көптеген азаматымыз қаза тапты. Бұл – нағыз қасірет. Қазіргі таңда тиісті мекемелер азаматтардың әрбір ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Адам құқығын қорғау мәселесі мен үшін аса маңызды. Қайғылы жағдай бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды. Осыған байланысты Жалпыұлттық аза тұту күнін жарияладық. Сол қасіретті оқиғадан бері 40 күн өтті.
Бүгін марқұмдардың рухына құран бағыштау үшін мешітке арнайы келдім. Қаза болған адамдардың жақындарына тағы да көңіл айтамын. Мемлекет қаралы шаңырақтарды қараусыз қалдырмайды»,- деді ол. Президент қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді тапсырғанын айтты. Осы орайда ел басшысы «Қазақстан халқына» қоры да осы қайырымдылық жұмысқа атсалысатынына үмітті екенін жеткізді. «Енді халқымыздың береке-бірлігі мен тыныштығын бұзуға жол бермейміз. Бұл – биліктің ғана емес, барша азаматтарымыздың ортақ борышы. Мұндай қасірет ешқашан болмасын! Қазақстан халқына сабыр тілеймін! Бәріміз тұтас ел болып, Жаңа Қазақстанды құрайық! Жаңа Қазақстан – баршамыздың ортақ үйіміз, оның іргесін бірге қалайық! Бұл өскелең ұрпақ үшін керек. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,-деп түйіндеді сөзін. Әттеген-ай, осының бәрі неге ертерек айтылмады екен. Алланың үйінде – мешітте Алладан, «Алланың бір аты халық», халқынан кешірім сұрағаны да жөн болған болар еді. Кеше ғана еліміздің Бас мүфтиі бастаған ақсақалдар алқасы құрылды. Әттеген-ай! Айтуға оңай. Айналасындағылар ұсыныс жасаса, президент кешірім сұрар ме еді. Әлі де кеш емес. Ел президентінің жанындағы нөкерлері қайда..! Бүйрегі Ресейге бұрып, жандүниесі аңырап тұрған президентке неге айтпады?! Бүгін Алладан, халықтан кешірім сұраңыз деп... Орысқа жалтақтай бергенше, Жапониядан неге үлгі алмасқа. Қай елден кем! Халқының алдында тізерлеп кешірім сұрап отыр! Осылай біздің президент те халқынан кешірім сұрауы керек еді. Баршамыз Алладан тілейік, ағайын. «Ештен кеш жақсы» деген. Билік естіді. Енді қалғанымыз қырылып қалмайық! Сабырға, сабырға келейік.
Ел президенті осылай халыққа жақындаңыз. Халқыңыздың тілінде сөйлеңіз. Зар-мұңын тыңдаңыз. Қайтыс болған азаматтардың топырағы торқа, жаны жаннатта болсын! Енді қазақ елінде мұндай қасірет болмасын! Құдіретті раббым ел-жұртыма амандық, тыныштық бере гөр. Президенттен бастап, биліктегілердің баршасына, марқұм болғандарға, тірілерге қате-кемшілігі, күнәсі болса Алладан кешірім тілейік! Мұсылманға сол лайық. Еліме бірлік, сабыр бер!
Ашынған халық «бөліп ал да билей бер» әрекетінің құрбанына айналмасын!
Тәуелсіздігіміздің бесігі – Алматыда, қаңтар қасіреті болған Алматыда, республикамыздың әр жерінде қаңтар құрбандарының 40 күндігіне арналған митинг болып жатыр. Алаңға қаңтардағы аласапыранда қаза тапқандардың туыстары мен қоғам белсенділері, азаматтық белсенділер жиналған. https://fb.watch/b8tIAk4__s/
Жанболат Мамайдың соңынан ерген және Болат Әбілов бастаған топ та жүр. «Көршісінің қорасы өртенсе, барып бас үйтіп алатындардың да болатыны» белгілі. Бұлардың мақсаты қандай? «Бөліп ал да билей бер» саясаты ма? Жанболат халықтың нәзік жерінен ұстап, ұрандатады. Шаршаған халық сенеді. Жанболаттың да артында белгілі бір күш бар дегенді жоққа шығаруға болмайды. Тақтан дәмесі бар-ау. Сенуден қалдық. Бәрінің артында сыртқы да ішкі күштер бар. Рас... Қосановтан бұрын болған, болады. Проект-жоба деп білгендерін істеп жатыр. Халықтың зар-мұңы, жан жарасы осындай шолақ белсенділердің қолжаулығына айналып кетпесе деген қаупім де жоқ емес. Елімді елірме сөзге еріп кетуден сақтаса екен! Халық әрине ашынады. Қаңтарда жазықсыз құрбан болған боздақтардың елдің толық тәуелсіздігі үшін жанын берді. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағын жақындату жолында шейіт болды. Қайғырмай тұра алмаймыз, қасірет қайталанбаса екен деп тілейміз! Баласынан, жақынынан айырылған аналардың жанайқайы жаныңды түршіктіріп, қабырғаны қайыстырады. Бауыр еті баласы үшін аналар ештеңеден тайсалмайды, аянбайды. Азаптаумен аналарды, халықты қорқытамын деу бос әурешілік. Керісінше жазықсыз жандарды азаптау арқылы билік халықтың бұрынғыдан да қатты наразылығына ұшырай ма деп қорқамын. Халықтан террорист тудырады. Халық арандап қалмасын. Сақ болайық! Жазықсызға бостандық берілсін. Қолдаймыз. Бірақ мемлекетке қауіп төндірген, бейбіт халыққа оқ атқан кім де кім болса жазасын алсын» https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2015173608662022&id=100005082063852
 
Алаңға жиналғандардың көбісі «ұсталғандардың бәрін босатыңдар, оларға ескерткіш қойыңдар» деп жатыр. Бәрін босат деу ағаттық. Басты міндет – бейбіт шеруге шығып, кейін абақтыға жазықсыз қамалған азаматтарды ұрып-соғу тоқтатылуы және күш қолданған полицейлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек. Кінәсі дәлелденгендер жазасын алсын! Жас курсанттарды ұрып-соққан, өлтірген, стратегиялық нысандарға, көліктерге шабуыл жасап, басып алған, өртеген, дүкендерді тонаған, қару-жарақтарды ұрлап кеткен, ауруханадағы жақындарына тамақ әкелгендерді кіргізбей қуған, өрт сөндірушілердің, жедел жәрдемнің қызметіне кедергі келтірген, телеарналарды отқа ораған кімдер? Ақиқаты айтылуы керек. Шындық шырқырап ерте ме кеш пе айтылады. «Шелек жалағандар тұтылып, айран ішкендер құтылып кетпесін», яғни халықты арандатқан, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған содырлардың серкелері, сатқындар жазасыз қалмасын, қашып кетпесін, олардың аттары айтылып әшкереленсін. Мәселеге объективті қарау керек. Екі жақтың да, яғни қайғылы қаңтарды ұйымдастырған қылмыстық топтардан бөлек, билік, орган өкілдерінің де олқылығына, озбырлығына заңдық тұрғыда баға берілуі тиіс. Ал әлеуметтік теңдік сұрап шыққандардың еш жазығы жоқ, оларды жазалауға ешкімнің қақысы жоқ. Ақырын күтейік. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2015037418675641&id=100005082063852
 
«Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»!
Әттең Қазақты қазаққа айдап салған зұлымдық сонау 2011 жылы Жаңа өзеннен басталды. Сол кезде жағдайға тиісті жауап болмағанның салдары, соның жалғасы. Бұл жолы да тиісті шешім қабылдаудың орнына, тағы сол әуен. Алдарқату. Содан бері тарихта міне екі рет қарабет болды билік. Өздерін атып ұрған қазақ, ұрылған қазақ, соққан қазақ соғылған қазақ. Өлген, өлтірген қазақ. Әлемді бауырына сыйғызған қазақтың енді бауырына үтік басып зорлық жасауда. Бұған кім кінәлі? Жүйе!!! Неге басқа елге жалтақтап, көмек сұраймыз?! Олар келіп, кақ маңдайдан дәл жүректен атты ісін бітірді қырды кетті. Енді сотталған, сотталатын кім айтыңдаршы. Тағы қазақ, аз қазақ. Қырылатын болдық қой. Сабырға келейік арандап, ертең бөлініп жатқа жем болмайық, ағайын! Енді сабырға келейік. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2015102508669132&id=100005082063852 Ақ пен қараның аражігі ажыратылсын! «Шаш ал десе, бас алатын» жүйеге де сенім жоқ. Кімге сенеміз өзі?! Салафит, бахабис, нала қазақ, шала қазақ, мәңгүрт қазақ, бай қазақ, кедей қазақ, новый қазақ, мәмбет қазақ... Қайран қазағым арысы 70, берісі 30 жыл өтіріктің уын ішіп, әупірімдеп жан сақтап қана келесің... әттең, қазір жаның да қайғы-қасіреттен қансырап қалды. Бірліктен кетіп барамыз. Міне нәтиже, қараңдаршы, айналайындар! «Халықтың сөзін сөйлеймін. жоғын түгендеймін» деп Болат Әбілов те келіпті. Оның қандай мақсатта «ақиқат» іздеп жүргенін уақыт көрсетер. Алматыдағы митингіде Б. Әбілов Назарбаевқа қатысты: 1. Назарбаевтың байлығын халыққа қайтару; 2. Алматыдағы Назарбаев даңғылын «Қаңтар» даңғылы деп өзгерту; 3. Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою туралы үш талап қойды. Сондай-ақ ол бұл талаптарды оның серіктестері – Ораз Жандосов пен Төлеген Жүкеев қолдайтынын айтты. Тағы да айтамын, бұл «Бөліп ал да билей бер» саясаты емес пе!? Қазақтың мұңын, зар-наласын таласқа салып, әр жерден бас көтерген шолақ белсенділер халыққа жақсылық жасамайды. Халықты енді алдауға, ашындыруға, арандатуға болмайды. Жоқ демеймін барсыңдар, айналайындар барсыңдар! Бастарың бірікпейді, бірігіңдер! Алла жар болсын! Ертең кеш болар, Алла сақтасын! Нағыз қазақтар билікте де бар. Шеттетпеңдер! «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген Абай әулие! Сыртқы жау іштегі дауды пайдаланып кетпесін. Сабырмен, ақылмен шешу керек, айналайындар. Бізге ешкім жақсы билік, жақсы президент әкеліп бермейді. «Әрекетке берекет» демей ме!? Ақылмен, сабырмен әрекет етейік. Ел тағдыры қыл үстінде тұр. Билік басындағылар Тәуелсіздігімізге қауіп төнді, мемлекеттік төңкерістен аман қалдық деп шырылдап отыр. Бір бірімізді тыңдайық! Дәл қазір «Ақырын жүріп, анық басатын» кезең. Әлеуметтік желіде жарияланған: «Қазір көп естіп, көп байқайтын бір сөз бар. «Алла реттейді!», «Құдай сазайын берсін!», «Тәңір төбесінен ұрсын!», «Тозақта күй!», «Жаһаннамға бар!» деген сияқты қарғыс пен лағнат. Әлбетте, жұрт үлкен қайғы-қасіретке қамалғанда балағат пен лағнаттан басқа ауызға сөз түспейтін сәт болады. Содан шығар. Бірақ, азаматтық қоғамның басты сипаты – заң мен құқыққа жүгіну, кінәлі мен қылмыскерді осы заманда, тірісінде, мүмкін болса тезірек әділетті жазаға тартуға ықпал ету. Соңғы оқиғаларға себепкерлерді, бұйрық берушілер мен орындаушыларды құдіреті күшті құдайдың дәргейіне беріп, Аллекеңе ысыра салу оңайдың оңайы. Азаматтық қоғам, есті қоғам, оянуға ұмтылған қоғам олай етпейді...» Қасым Аманжолдың мына сөзіне қосылам. Дұрыс айтады. Алла ниетке береді. Ниетімізді түзейік! Пендем өзі жасап тұрады деген екен... Бірігейік, жан-жаққа тартпайық. «Бірлік бар жерде, тірлік бар»! Азаматтық, құқықтық қоғам құратын да халықтың өзі. Есті сөзге тоқтайық! https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2015179245328125&id=100005082063852 Қаңтар қасіреті ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Азаматтардың қабырғасы қайысты, әлі де ес жиып, еңсе көтере алмай отырмыз. Елдегі жағдай әлі де тұрақталған жоқ. Президент халықтың қайғысымен бірге! Сенейік! Қаңтарда қаңғыған оқтың құрбаны болған азаматтарға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та мешітке барып, қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштап, құрбан шалды. Мақсат бір, енді мұндай қасірет қайталанбасын! Бейбіт, тыныш заман болсын деген ниет.
Сапарбаев қаңтар оқиғалары құрбандарының рухына құран бағыштау рәсіміне  қатысты
Ережеп айы мейірімге, кешірімге толы. Кешірімді, мейірімді болайық! Түрмелердегі қарапайым халық, жазықсыз жастар, бейкүнә балаларды босатсын! Кінәсі анықталғандар жазасын алсын. Жалған жала жабылмасын, жазықсыз жапа шекпесін! Жетімдер мен жесір қалғандарға үкімет көмектесіп, қарауына алсын. Ештен кеш жақсы! Алладан тілейік, баршамыз да ағайын. Тілеген-дұға тілектеріміз қабыл болсын! Ниеттеріңіз қабыл болсын! Құдіретті Раббым ел-жұртыма амандық, тыныштық бере гөр. Президентімізге жаратқан сабыр, күш-қуат берсін! Түйін: Алаңда болғандар қаңтар оқиғасы кезінде ұсталып, қазір қамауда отырған азаматтарға сот санкциялаған екі ай мерзімі ішінде шешім шықпаса, 20 күннен кейін қайтадан митингке шығатындарын мәлімдеді. Халық шыдады. Шыдамның да шегі бар! Санасу керек екеніне көз жетті. Қалай десек те, қандай жағдайда да қамалғандардың айыбы анықталып, қылмысы дәлелденбей азаптау, қорлау халықтың өшпенділігін тудырады. Мойындау керек! Сондықтан халық талабы орындалуы керек. Еститін мемлекет естіді. Бірақ қамалғандардың нақты жазасын анықтап, жазықсыздарды бұдан әрі азаптауға жол беруге болмайды. Ал айыбы ашылып, қылмысы дәлелденгендер, жауап берсін, бірақ мойындату әдетімен, жазықсыздар жазаланбасын. Санжар Боқаев: «Азаматтарды азаптауға жол берген Қазақстан билігі халықаралық конвенцияны белден басты» деді. https://www.facebook.com/groups/shyndyk/permalink/1859706934226534/ Ол рас, адамгершілік, гуманизм тұрғысынан да адам құқына заңсыз қол сұғу, азаптау, қорлау заңсыздық! Бұл қылмыс! Құрбан шалып, құран бағыштаған дұрыс, айналайындар! Бірақ сол марқұмдардың жандары шат болсын десе, қазіргі күні қамауда жазықсыз отырғандарды (қаңтарға қатысты) жаппай босатқаны дұрыс. Азаптамағаны абзал! Себебі олардың барлығы лаңкестер емес, өзіміздің отандастарымыз. Қвазақтың жап-жас балалары, біреудің әкесі, біреудің жалғызы, ағасы-інісі, қазақтың болашағы! Прездидент халықтан қаңтарда оққа ұшқан боздақтар үшін аналардың алдында, халықтың алдында, болашақ ұрпақтың алдында кешірім сұрасын!
Қызай Бәйдібекқызы
14.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602