Қайта жаңғырған дәстүр

Қайта жаңғырған дәстүр

Нұр-Сұлтан қаласында 16 шілде күні құрылтай форматында бастау алған «Asar joly» қайырымдылық марафоны өтті. Шараның мақсаты – бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, 50 шақты отбасын баспаналы етіп, әр қала бойынша еріктілердің басын қосып, жағдайы төмен отбасы мүшелерін жұмыспен, біліммен, кәсіппен қамтамасыз ету. «Мұндай жобаларды қолдау – менің тікелей міндетім. «Asar joly» жобасына еліміздегі әкімдіктердің барлығы көмектеседі. Өткенде соған байланысты арнайы отырыс өткіздік, әкімдермен келістім. Бұл – кірістерді көбейту бағытындағы бір ғана үлкен жоба. Осындай жобаларды  бірауыздан қолдайық», – деді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

 «Asar joly» жобасының мақсаты – 20 мың шақырым жол жүріп, бүкіл елімізді аралап, барлық қалаларымызға соғып, ата-бабамыздан қалған жолды қуып, жақсылықта жарысып, мұқтаждарға пана болып, қол ұшын созып, жас балаларға, қиыншылықта жүрген отбасыларға көмек беру», – дейді «Asar Ume» қайырымдылық қорының жетекшісі Асхат Нұрмашев. Құрылтайдың мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі қалыптасып, ел халқының мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға бағытталған жастардың қоғамдық пайдалы бастамаларын қолдау. «Asar Ume» – тұрмыстық жағдайы төмен және қиын жағдайға тап болған көпбалалы отбасыларға көмек көрсететін, жастарды жұмысқа орналасуға, оқуға, бизнеспен айналысуға көмектесетін қоғамдық қор. Бүгінде қор жас, ересек еріктілер, кәсіпкерлер, жұмысшылар мен белсенді азаматтарды жақсылық жасаудың айналасында біріктіруде. Қор құрылған 3 жыл ішінде Қазақстан бойынша үш миллионнан астам адамды біріктіріп, еліміздегі аз қамтылған 440 отбасының баспаналы болуына атсалысқан.

Аталмыш іс-шара «Asar Ume» қайырымдылық қорының бастамасымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Шараның ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және еліміздегі бірқатар қайырымдылық ұйымдарының өкілдері қатысты. Бұл іс-шара еліміздің жиырма өңірінде жалғасын табады деп жоспарланып отыр.

 

Балжан АЛЖАНОВА
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 163
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 374
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 347
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 962

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645