Қалың елім, қазағым... Қазақстанды Назарбаев елесі кезіп жүр...

Қалың елім, қазағым...  Қазақстанды Назарбаев елесі кезіп жүр...

Елесі несі? Ол тірі ғой, тірі. Әне жерден бір, мына жерден бір жылт-жылт етіп көрініп, өзі басқарған бұрынғы халқын үрейге бөлеп жүрген жоқ па ол? Жо-жоқ, ол Назарбаев емес. Қалай? Сыңары ғой, сыңары. Ә-ә, өзі қайда? Араб ғимараттарында суға шомылып жүр дейді. 

Ел аузында осындай әңгіме-дүкен қызып тұр. Біреу өлген дейді. Енді біреу тірі дейді. Неге ол бері шығып, шынайы келбетін көрсетпейді? Бәлкім, біздің Түркияда көргеніміз, жастармен кездескені спектакль шығар. Әлгі сыңары дедің бе, сол шығар. Ол негізінен күшті әртіс қой. Оларды марқұм Құдайберген депутат кезінде «нағыз актерлер солар» деп таңдана айтты емес пе? 

Пәлі! Кешегі бір нөмірінде «Жас Алаш» үкіметіміз Назарбаев үшін, оның жүріп-тұруы үшін миллиардтап ақша бөліп жатыр депті. Сол шындық па өзі? Шындық болмай, өтірік жазса «Жас Алашты» мына биліктегілер аяйды дейсің бе?

Назарбаев соңғы кездесуінде екі езуі екі құлағында мәз ғой, жүдә. Иә, несіне жетісіп күледі екен соншама? Оның жүрегі тастан жаралған ба сонда? Әлбетте, солай. Егер тастан жаралмаса, бала-шаға, бауыр, дос-жарандарымен бірге өзінің елін тонар ма еді? Иә, иә, дұрыс айтасың. Өзінің туған бауыры, келіні бірге жеп, бірге ойнап-күлген әріптес інісі сотталып жатыр. Елес болмаса, солай өзінше мәз-мейрам болып жүрмес еді ғой. Тағы да кезекті спектаклі емес пе екен деп халық күдіктенеді. Назарбаевтың қулығына құрық бойламайды. О, халық айтса қалт айтпайды! Қазіргі биліктің «Жаңа Қазақстан құрамыз» дегені де спектакль болып жүрмесін? Есіңде ме, Нұрекең осы 30 жылда талай жалған компаниялардың тұсауын кесті ғой. Иә, кесті. Бірақ олардың ғұмыры ұзаққа бармай жабылып қалатын...

Пай-пай, Нұрекең талай-талай қойылым қойып, солардың ақшасын қалтасына басты... Өте-мөте қымбат спектакльдер еді олар. 30 жыл бойы тамашалап келген халықтың қалтасын қаққан Назарбаев: «Мен енді зейнеткермін!» деп елеске айналып кетті де қалды. Не деген аңқау, көнбіс, байғұс көрермен едік-а, біз?! Иә, 70 жыл Мәскеудің елесіне еріп, ел болудан қалып едік. Енді Назарбаевтың елесіне еріп, құрдымға кетудің сәл алдында тұрмыз. Дұрыс айтасың, бауырым, елестің (сағым десе де болады) соңына ергенді қоятын кез жетті деп ойлаймын. Сен не айтасың бұған? Қазақстанда кезіп жүрген                  елестерді қумай, нағыз шынайы өмірге оралайық. Сонда ғана ел боламыз. 

Ол қасиетсіз елестердің біздің қасиетті жерімізде жүруге қақысы жоқ. Кәнеки, рухтанып, намысымызды жанайық! Қасиетті Рамазан айында осы игі жұмысты бастайық. Жалған спектакльдер қойып, елін тонаушы сатқындарға тосқауыл қоятын кез жетті!

Ертай Айғалиұлы
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 83
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 604
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 721
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 633
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 643

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8780
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8180
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11409
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9163
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394