Қанайналым жүйесі ауруларын азайту жолдары қандай?

Қанайналым жүйесі ауруларын азайту жолдары қандай?

18 қазан күні Денсаулық сақтау министрлігінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен 2024 жылдың 9 айында жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша қанайналым жүйесінің аурулары (ҚЖА) және инсульт кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі Үйлестіру кеңестерінің отырысы өтті. Бұл жайында министрліктің ресми сайтында хабарланды. ҚЖА өлімінің негізгі себептері жіті коронарлық синдром, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және атеросклероз болып қала береді, бұл – аурудың дамуының басқарылатын факторы. ҚР ДСМ бас штаттан тыс кардиологы, «UMC» ҚҚ «Жүрек орталығы» басқармасының төрағасы Махаббат Бекбосынова өз сөзінде: «Қазақстан бойынша жіті миокард инфарктісімен сырқаттанушылық 2024 жылдың 9 айында 3,4%-ға төмендеді, бірақ бірқатар өңірлерде теріс динамика бар және жіті жүрек бұзылыстары кезінде шұғыл емдеуге жатқызудың өсуі үлкен алаңдаушылық туғызады, бұл хирургиялық араласулар кезінде қолайсыз нәтижелердің үлесіне әсер етеді», – дейді. Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының (ҰҒДСДО) мәліметтері бойынша, есепті кезеңде Қазақстанда жүрек тамырларын стенттеу бойынша 20 935 операция жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда былтырғы көрсеткіштен 8,8%-ға артық, 42 176 коронарография орындалды. Ұлттық шұғыл медицина орталығының Басқарма төрағасы Тимур Мұратов өз баяндамасында инсульт алған науқастарға медициналық көмек 83 бейінді орталықта жүзеге асырылатынын және 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша оларда инсультпен ауыратын 36,1 мың пациент емделгенін, өткен жылмен салыстырғанда 4,6%-ға өскенін атап өтті. Сондай-ақ, ол инсульт орталықтарын жабдықтау және жарақтандыру қажеттілігі, кадрлық мәселелер және инсульт қызметі мамандарының біліктілігін арттыру туралы айтты. Инфекциялық емес аурулармен күресте қанайналым жүйесінің бұзылуын ерте анықтау, МСАК деңгейінде скринингтік тексерулердің тиімділігін жақсарту, динамикалық бақылаумен науқастарды толық және уақытылы қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтуге ерекше назар аударылды. Үйлестіру кеңесі отырысының жұмысын қорытындылай келе, кардиолог дәрігерлерді оқытуды ұйымдастырудың, ахуалдық орталықтардың жұмысын жақсартудың, медициналық техникамен жарақтандыруды қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, халықты, әсіресе қауіп топтарын темекі шегу, алкоголь, семіздік сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларының және соған байланысты мінез-құлық қауіптерінің профилактикасы тур.

 

Саяжан ҚАЙДАР

 

24.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 41
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 572
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 686
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 600
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 609

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8746
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8146
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11375
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9129
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10360