Қазақстанның Солтүстік облыстарына қазақтарды шоғырландыру үшін бірінші кезекте: қазақтан шыққан кәсіпкерлерге, заңгерлерге, банк жүйесіндегі мамандарға, білім мен медицина саласындағы азаматтарға, ұлттық спорт, мәдениет, ақпарат көздеріне мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасап, қолдау көрсетіп, көптеп орналасуына жол ашу керек қой. (Жолы көп қой). Солар арқылы ұялы, ұйытқылы жүйе, орта қалыптасуы Қандастарды қамықтырып, көштің жолын кеспейік!.. 1 қыркүйек – Білім күні керек.
Сосын, олар бұқара халықтың (қазақтың) шоғырлануына мүмкіндік жасауы тиіс
Ағайын-туысты сағалап көшіп келген қандастарымызды жылатып, есептеспей, еңіретіп ол жерге зорлап апарғанда не ұтасыңдар?! Өздері Қазақстанға келіп, қазақ елінің азаматтығын алуға әрең қолы жетіп жатқанда, еліміздің Солтүстік облыстарында қордаланған саяси мәселелерді өзгертетіндей қаншалықты қоғамдасқан қуат-күші, мүмкіндіктері бар? Оған өзгелер жол бере ме?!
Көшіп келген қандастарды ағайын-туыстан бөлмеңіздер! Өзге елден қоныс аудару – қорғансыз, қоңылтақсып күй кешу, бауырларының жан-шуағын паналау екендігін ұмытпаңыздар. Жүрек пен санаға қаншалықты салмақ түседі, оңай емес. (Өсіп тұрған ағашты топырағынан көшіріп көріңіздер, барынша күтім жасағанның өзінде сарғайып, сан түрлі кейіпке түсіп барып, жанталасып қайта жанданады.)
Ағайын-туыс, бауырға арқа сүйеп жүріп жерсінуге, жаңа қоғамға, ортаға бейімделуге, жүректің ынтығын басып, жансебіл кезеңді бастан өткізуге мүмкіндік беріңіздер! Содан соң өздері де тірліктің қамын жасай бастайды. Еңбек етуден қорықпайды. Маңдайынан сипаңыздар, мамығын төгіп өз айдынына қорғаштап қонып жатқанда... Ағайынның зар-тілегіне мән беріңіздер. Жұмыссыздықтың мәселесін шешу және оның жалғыз жолы еліміздің Солтүстік облыстарына көшіру емес қой. Солтүстік облыстарды қазақтандырған дұрыс, бірақ қандастарымызды тағдырдың тәлкегіне көзді жұмып, лақтыра салуға бола ма?!