ҚАНТ ӨНДІРІСІ ҚОЛДАН ТЕЖЕЛІП ТҰР

ҚАНТ ӨНДІРІСІ ҚОЛДАН   ТЕЖЕЛІП ТҰР

Академик Төрегелді Шарманов ағамыз «Қант – аппақ, тәп-тәтті у» депті. Солай болса да дәл қазір сол тәтті уың аса қат. Еліміздегі 7 қант зауытының тек төртеуінде ғана тіршілік бар дейді. Әрі өз мүмкіншілігінің үштен біріндей қуатта ғана жұмыс істейді екен. Неге десең, өндірістің көрігін қыздырарлықтай қант қызылшасы жоқ. Сол себепті елге қажетті қанттың 90%-ы сырттан тасымалданатын көрінеді. 

Биыл жыл соңына дейін Ресейден 168 мың тонна қант сатып алу жоспарланыпты. Егер қантты әр вагонға 60 тоннадан тиеп әкелетін болсақ, барлығы 2800 вагон болады екен. Бірақ білетіндердің айтуынша, 60 тонналық вагонға 30 тоннадан артық жүк тиеуге болмайтын көрінеді. Шойынжол сонша салмақты көтере алмайды дейді. Сонда вагондар саны екі еселенеді. 5600 вагон болады. Масқара емес пе? Біз қайта оларға сатуымыз керек қой.

Бұл деректер шілденің 14-інде өткен Үкімет отырысында айтылды.

Қазақстан өндірісінің әбден тұралағанын осыдан-ақ байқауға болады. Қант қызылшасы жетіспейді деген не сұмдық! Егіншілікті дамыту, өндірісті ұйымдастыру атқарушы Үкіметтің тікелей айналысатын шаруасы емес пе? Менің ойымша, қызылша егетін диқандар егіп-теккенін өткізе алмай қор боп жүр. Соның кесірінен қызылша еккісі келмейді. Қызылша алқаптары жылдан-жылға азайып бара жатқаны содан. Әйтпесе қызылша деген – күй талғамайтын төзімді, суы қанық болса, қаулап өсе беретін дақыл.    

Диқандардың қызылша өткізуде қиындыққа тап болатынын бұдан бірер жыл бұрын Талдықорғанға бара жатқанда байқадым. Қалаға жақын бірер жерде қызылша қабылдайтын қырман бар екен. Ал енді осы орынға қызылша өткізуге келген жүк көліктерінің кезегін көрсең. Саған өтірік, маған шын, шамамен он шақты шақырым. Шұбатылып тұр. Дайын өнімді ылдым-жылдым қабылдап алудың орнына, бағасын арзандата түсу үшін қабылдауды әдейі кідіртетін сияқты. Бақсам, ол да рас екен. Естуімше, он шақты шақырымға тізіліп тұрған қызылша тиелген жүк машиналарын жылпос жігіттер жағалайтын көрінеді. Қабылдау бағасынан арзанға беретін болса, қырманның басқа дарбазасынан кезектен тыс кіргізіп жібереді дейді. Он шақырымдық кезекте тұрған диқан байғұстың келіспеске амалы жоқ. Бұдан басқа да қитұрқылар толып жатқан шығар-ау.

Осыны Ауыл шаруашылығы министрі біле ме екен?

Нұрлыбек САМАТҰЛЫ
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652