Қаңтар оқиғасы: зардап шеккен кәмелетке толмаған балалар саны белгілі болды», – деп хабарлайды tengrinews. Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәмелетке толмаған балалардың санын айтты. Оның айтуынша, төтенше жағдай кезеңінде медициналық ұйымға 2 740 зардап шегуші жүгінген. Оның ішінде 1 843 адамға амбулаторлық көмек көрсетілсе, 897 адам ауруханаға жатқызылған. Оның айтуынша, бүгінде 891 науқас емделіп шыққан.
«Медициналық ұйымдарда 177 адам қайтыс болды. Бүгінде алты адам ауруханада емделіп жатыр. Алматы мен Қызылордада үш науқастың жағдайы ауыр, біреуі оқ жарақатын алған, емделіп жатыр. Үш облыста кәмелетке толмаған балалар зардап шеккен. Алматыда екеуі оқ жарақатынан қаза болды, жетеуі түрлі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде төрт жасөспірім Алматы қаласында, екеуі Алматы облысында және біреуі Жамбыл облысында. Сондай-ақ, Алматы облысында бір жүкті әйел газдан зардап шекті», – деді Байсеркин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.