“Қар аралас жаңбыр жауады: 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

“Қар аралас жаңбыр жауады: 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

12-14 қыркүйекте республиканың көп бөлігінде күн құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстанда күшті жел соғып, күн күркіреп, жаңбыр жауады. 12 қыркүйекте республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығысында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 13-23 градустан 15-25 градусқа дейін, солтүстікте 10-15-тен 12-17 градусқа дейін, орталығында 10-23 градустан 12-23-ке дейін көтеріледі. Негізгі ауа температурасы күндіз батыста 18-25 градус, оңтүстікте – 22-30, оңтүстік-шығыста – 18-27, таулы аудандарда – 7-12 градус жылы болады.

«Қазгидромет» РМК
11.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1875
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17001
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15727
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19084