🔰ҚАРАСАЗДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ.

🔰ҚАРАСАЗДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ.
🔹️"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдасы аясында ағымдағы жылдың 4 тамыз күні Қарасаз ауылдық Мәдениет үйінде Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Тоқсабайқызы Естаева шығармашылық қызметкерлерімен кездесу өткізді.
🔸️Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы "Қазақстан Республикасы мәдени саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" № 250 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасын бекіту туралы № 724 қаулысын негізге алу бойынша мәліметтер берілді.
🔹️Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында берілген тапсырмалары түсіндірілді.
🔸️«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық жол картасының орындалуы туралы ақпараттар сараланды.
🔹️Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасын бекіту туралы № 724 қаулысын негізінде "Оқитын ұлт" жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру көрсеткішіне қол жеткізу бойынша жоспарлармен таныстырылды.
🔸️Кездесу соңында мәдени саланың қызметкерлері сауалдарын қойып, пікір алмасты.

 

Жуалы ауданы әкімдігі
06.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5053
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5217
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20178
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18822
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22277